Қазақстан сыртқы істер министрлігі: Тайвань – Қытайдың ажырамас бөлігі

© Photo : пресс-служба МИД КазахстанаМинистерство иностранных дел Казахстана
Министерство иностранных дел Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2024
Жазылу
Тайваньда өткен президент сайлауында басқарушы Демократиялық прогрессивті партияның кандидаты Лай Циндэ жеңіске жетті. Қазақстан тарапы осыған байланысты өз ұстанымын жариялады
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігі Тайваньдағы сайлау қорытындыларына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
"Тайваньда өткен сайлауға байланысты Қазақстан Республикасы "бір Қытай" қағидатын табанды түрде қолдайтынын қайта мәлімдейді және ҚХР үкіметі – бүкіл Қытайды білдіретін жалғыз заңды үкімет, ал Тайвань Қытай аумағының ажырамас бөлігі екенін растайды. Қытай Халық Республикасы үкіметінің елді бейбіт жолмен біріктіру жолындағы күш-жігерін қолдаймыз", - делінген министрлік мәлімдемесінде.
Айта кетейік, Тайваньда өткен президент сайлауында басқарушы Демократиялық прогрессивті партияның кандидаты Лай Циндэ жеңіске жетті. Президент сайлауымен қатар елде бір күнде парламент сайлауы да өтті.
Жаңалықтар
0