https://sputnik.kz/20240114/politseyler-aqmola-oblysynda-zholda-qalyp-qoygan-65-sheteldikti-qutqardy-41566318.html
Полицейлер Ақмола облысында жолда қалып қойған 65 шетелдікті құтқарды
Полицейлер Ақмола облысында жолда қалып қойған 65 шетелдікті құтқарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. 14 қаңтарға қараған түні Астана-Петропавл республикалық маңызы бар жолда Ресейдің Сургут қаласынан келе жатқан рейстік автобус... 14.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-14T09:21+0500
2024-01-14T09:21+0500
2024-01-14T09:21+0500
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33994791_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_4f87798b692c703891ad58e9147060e1.jpg
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. 14 қаңтарға қараған түні Астана-Петропавл республикалық маңызы бар жолда Ресейдің Сургут қаласынан келе жатқан рейстік автобус бұзылып, жүргізуші мен 65 жолаушы жолда қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.Жолаушылардың ішінде 10 жасар бала мен 14 әйел бар. Олардың барлығы – Тәжікстан азаматтары.Шетелдіктерге көмекке аға лейтенанттар Азамат Төлегенов пен Нұрсұлтан Сағандықов келді. Олар – "Бақай" патрульдік полиция ротасының экипажы. Полицейлер оқиға туралы төтенше жағдайлар құрылымына және жергілікті атқарушы органдарға хабарлаған. Полиция қызметкерлері автобусты қарап, бұзылу себебін тез анықтады.Тәртіп сақшылары жүргізушілермен бірге сол жерде ақауларды жойып, автобусты Ақкөл қаласындағы ең жақын жылыту пунктіне дейін алып жүрді.Мұнда шетелдік азаматтар жол ашылғанға дейін болады.Айта кетейік, ауа райына байланысты республикалық маңызы бар Астана-Петропавл автожолының (18-234 шақырымы) Астана-Шучье учаскесі жабылған болатын.
https://sputnik.kz/20240114/astana-schuche-taszholy-zhabyldy-41566162.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33994791_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_e86ae3a5c7cc37f971d58370b4ca4f5b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы
Полицейлер Ақмола облысында жолда қалып қойған 65 шетелдікті құтқарды
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. 14 қаңтарға қараған түні Астана-Петропавл республикалық маңызы бар жолда Ресейдің Сургут қаласынан келе жатқан рейстік автобус бұзылып, жүргізуші мен 65 жолаушы жолда қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жолаушылардың ішінде 10 жасар бала мен 14 әйел бар. Олардың барлығы – Тәжікстан азаматтары.
Шетелдіктерге көмекке аға лейтенанттар Азамат Төлегенов пен Нұрсұлтан Сағандықов келді. Олар – "Бақай" патрульдік полиция ротасының экипажы. Полицейлер оқиға туралы төтенше жағдайлар құрылымына және жергілікті атқарушы органдарға хабарлаған. Полиция қызметкерлері автобусты қарап, бұзылу себебін тез анықтады.
Тәртіп сақшылары жүргізушілермен бірге сол жерде ақауларды жойып, автобусты Ақкөл қаласындағы ең жақын жылыту пунктіне дейін алып жүрді.
Мұнда шетелдік азаматтар жол ашылғанға дейін болады.
Айта кетейік, ауа райына байланысты республикалық маңызы бар Астана-Петропавл автожолының (18-234 шақырымы) Астана-Шучье учаскесі жабылған болатын.