Ауа райына байланысты 25 учаскеде жол жабылды
© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
![Апрельский снегопад в Астане Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.01.2024](https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33994835_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_e05364fdb667bf8de5cb9015b290e6e9.jpg)
© Sputnik / Абзал Калиев
Жазылу
АСТАНА, 14 қаңтар – Sputnik. 7 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 25 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
Ақмола облысында – 14 учаске,
Жетісу облысында – 1 учаске,
Қарағанды облысында – 3 учаске,
Қостанай облысында – 3 учаске,
Павлодар облысында – 2 учаске,
Солтүстік Қазақстан облысында – 1 учаске,
Ұлытау облысында – 1 учаске.
Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарды қардан тазартуға 522 техника және 823 жұмысшы жұмылдырылды.