Қазақстан үздік елдер рейтингінде қай орында тұр

© Sputnik / Владислав ВодневБәйтерек
Бәйтерек - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2024
Жазылу
Үздік үштікке Швейцария, Канада мен Швеция енді
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. 2023 жылдың қорытындысы бойынша үздік елдер рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
US News порталы жасаған рейтингте Қазақстан 87 елдің ішінде 84-ші орынға ие болды. Бір жыл бұрын 85-ші орында болған. Бірақ ол кезде рейтингке 85 мемлекет кірген еді.
Рейтинг сарапшылары әрбір елді нақты көрсеткіштер бойынша бағалаған. Оның ішінде саяхат жасау, мәдение ықпал, кәсіпкерлік, мұра, бизнеске деген ашықтық және өмір сапасы бар. Қазақстан бұл көрсеткіштер бойынша әртүрлі баға алды. Бірақ 80-ші орыннан жоғары көтерілмеді.
Үздік үштікке Швейцария, Канада мен Швеция енді. Ең соңында Иран тұр.
Ал ТМД елдері ішінде Қазақстан тек Беларусьты артта қалдырды. Басқасы – Ресей (37-ші орын), Украина (68-ші орын), Әзербайжан (77-ші орын) мен Өзбекстан (83-ші орын) алда тұр.
Жаңалықтар
0