Павлодарда әкесін өлтірген ер адам сот залынан босатылды

© AP Photo / Jean-Francois BadiasАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2024
Жазылу
Марқұм еш жерде жұмыс істемейтін және бос жүрген 35 жастағы ұлын үйден қуып жібергісі келген
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Павлодарда абайсызда әкесін өлтірген ер адам сот залынан босатылды. Жазатайым оқиға ауызша жанжалдан басталған, деп хабарлады Pavlodarnews.kz.
Қаланың № 2 сотында ҚК-нің 104-бабының 1-бөлігі – "Абайсызда адам өліміне әкеп соғу" туралы іс қаралды.
Іс материалы бойынша өткен жылдың 11 шілдесінде екі мас ер адам өзара сөзге келіп қалған. Әкесі еш жерде жұмыс істемейтін және бос жүрген 35 жастағы ұлын үйден қуып жібергісі келген.
"Жанжал кезінде жас жігіт әкесінің бетінен ұрып, бар күшпен итеріп жіберген. Әкесі тепе-теңдігін жоғалтып, басын батареяға соққан. Есін жоғалтып, орнынан тұрмақ болған. Алайда зейнеткер алған жарақатынан есін жимастан көз жұмған", – дейді № 2 сотының баспасөз қызметі.
Мұндай қылмыс үш жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Сотталушы өз еркімен моральдық зиянды өтеген жағдайда жазадан құтылуы мүмкін. Бұл тармақ ҚР Қылмыстық кодексінің 55-бабы бірінші бөлігінің бірінші бөлімшесінде көзделген.
Үкім заңды күшіне енген жоқ, сотталушы сот залынан босатылды.
Жаңалықтар
0