Мәжіліс депутаты халықпен бірге көрген азаптың мән-жайын жариялады

© Sputnik / Владислав ВодневИрина Смирнова
Ирина Смирнова - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова әлеуметтік желіде Петропавл әуежайында қандай қиындықтарға тап болғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Смирнова Солтүстік Қазақстан облысының орталығына ұшақпен барып келген. Бірақ қайтарда халықпен бірге біраз қиыншылыққа тап болды. Әуежайдың іші суық, жолаушылардың барлығы қызмет сапасына арызданды.
"Құдайға мың да бір рақмет, Петропавлдың сұп-суық әуежайынан шығып кеттік. Бірақ менімен бірге сол жерде тоңған адамдардың барлығы ауырып қалатын болды", - деп жазды Смирнова.
Оның айтуынша, қазіргі басшылық әуежайды басқара алмай отыр. Әкімшілік адамдарды емес, ақшаны ғана ойлап отыр.
"Мысалы, бір инфрақызыл шам 26 мың теңге тұрады. Соның бесеуін алса, бір бөлмені жылытуға болатын еді. Сол жерде 20-30 минутқа шегерілетін рейстерді күтіп отырған халық жылына алады", - деп атап көрсетті депутат.
Оның айтуынша, жерге сабан төсесе, әлдеқайда жылы болатын еді.
Айта кетері, Петропавл әуежайы бір жыл бұрын ТОО "Қызыл-Жар халықаралық әуежайы" ЖШС-іне сенімді басқаруға берілген болатын. Компания Алматы қаласында тіркелген.
Бас кезінде әуежайды 5,640 миллиард теңгеге бағалаған. 2022 жылыа наурыз бен шілде аралығында үш рет конкурс ұйымдастырылды. Алайда ешкім өтінім бермеді. Ал төртінші тендер кезінде әуежайды 2,82 миллиард теңгеге сенімді басқаруға берді. Нысанды артынан жеке меншікке сатып алуға мүмкіндік бар.
Әуежайдың жаңа басшылары жаңғырту шараларынан кейін Түмен мен Санкт-Петербор, сондай-ақ Шарм-эль-Шейхке жаңа рейстер ашылады деген. Бірақ ешқандай өзгеріс жоқ. Әуежайдан бұрынғыдай екі бағытта ғана ұшуға болады. Олар – Астана мен Алматы.
Жаңалықтар
0