https://sputnik.kz/20240113/elorda-akimi-qalany-sumen-zhane-zhylumen-qamtu-ushin-ne-istelip-zhatqanyn-aytty-41562879.html
Елорда әкімі қаланы сумен және жылумен қамту үшін не істеліп жатқанын айтты
Елорда әкімі қаланы сумен және жылумен қамту үшін не істеліп жатқанын айтты
Sputnik Қазақстан
Қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қазір су құбырының екінші желісін салу жұмысы жүріп жатыр 13.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-13T17:44+0500
2024-01-13T17:44+0500
2024-01-13T17:44+0500
елорда тынысы
астана
су
жылу
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1e/35441884_1:0:3640:2047_1920x0_80_0_0_d41bdeb5cb48d166ce154e66628b2bdd.jpg
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Қаланы жылумен және сумен қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарының жұмыс барысымен танысты. Олар – ЖЭО-3, ЖЭО-2, ауыз су станциясы (ССС-3), "Тұран" және "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станциялары.Сонымен қатар, өткен жылдың жазында Астана су қоймасынан тартылатын су құбыры және үшінші ауыз су станциясы салынды. Жоғарыда аталған нысандардың бәрі штаттық режимде жұмыс істейді."Қаланы алдағы уақытта да жылумен және сумен қамтамасыз ету үшін қуатын арттыру және жаңа нысандар салу бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Мәселен, биыл тағы бір "Телман" газ жылу станциясын (1-кезек), "Тұран" ГЖС екінші кезегін саламыз. Олар қалаға тағы 850 Гкал/сағ жылу қуатын береді", - деді ол.Қаланы болашақта ауызсумен қамтамасыз ету үшін қазір су құбырының екінші желісін салу жұмысы жүріп жатыр. Нұра жерасты су көзінен су құбырын жобалау және Телман сорғы станциясын кеңейтуді жобалау жұмысы аяқталып қалды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1e/35441884_456:0:3185:2047_1920x0_80_0_0_f2075075889947847a6731402d768b6e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, су, жылу
Елорда әкімі қаланы сумен және жылумен қамту үшін не істеліп жатқанын айтты
Қаланы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қазір су құбырының екінші желісін салу жұмысы жүріп жатыр
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Астана әкімі Жеңіс Қасымбек Қаланы жылумен және сумен қамтамасыз ететін инфрақұрылым нысандарының жұмыс барысымен танысты. Олар – ЖЭО-3, ЖЭО-2, ауыз су станциясы (ССС-3), "Тұран" және "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станциялары.
"Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдың күзінде біз "Оңтүстік-Шығыс" газ жылу станциясының, "Тұран" газ жылу станциясының бірінші кезеңінің, құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3 нысанын аяқтадық. Бұл нысандар қалаға 1100 сағ/Гкал-дан астам жылу береді. Осылайша бізге жылыту маусымында профицитке шығуға мүмкіндік береді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сонымен қатар, өткен жылдың жазында Астана су қоймасынан тартылатын су құбыры және үшінші ауыз су станциясы салынды. Жоғарыда аталған нысандардың бәрі штаттық режимде жұмыс істейді.
"Қаланы алдағы уақытта да жылумен және сумен қамтамасыз ету үшін қуатын арттыру және жаңа нысандар салу бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз. Мәселен, биыл тағы бір "Телман" газ жылу станциясын (1-кезек), "Тұран" ГЖС екінші кезегін саламыз. Олар қалаға тағы 850 Гкал/сағ жылу қуатын береді", - деді ол.
Қаланы болашақта ауызсумен қамтамасыз ету үшін қазір су құбырының екінші желісін салу жұмысы жүріп жатыр. Нұра жерасты су көзінен су құбырын жобалау және Телман сорғы станциясын кеңейтуді жобалау жұмысы аяқталып қалды.