Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

АҚШ Израиль мен Йемендегі жағдайға бола Украинадан бас тартпайды – сарапшы

CC BY-SA 2.0 / Ferdinand Reus / Sana'aЙемен, Сана қаласы
Йемен, Сана қаласы - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. АҚШ-тың Йеменге әуе шабуылы Вашингтонның Таяу Шығысқа "бұрылып", Украинадан "кеткісі келетінін" білдірмейді, Киевке әскери қолдау көрсету басымдық болып қала береді. Бұл туралы ресейлік әскери сарапшы, "Национальная оборона" журналының бас редакторы Игорь Коротченко РИА Новостиге хабарлады.
"Йеменге қарсы агрессия АҚШ-ты Украинаны қолдаудан бас тартуға мәжбүрлемейді. Вашингтон үшін де, Лондон үшін де Киевті қолдау бірінші кезектегі басымдық болып қала береді, өйткені Украина Ресейдің жүрегіне бағытталған найзаның ұшы", - деді ол.
Сарапшының пікірінше, Ұлыбритания мен АҚШ Киевке жаңа қолдау пакеттерін міндетті түрде бөледі.
Ол Йеменге әуе шабуылының Украина бағытына еш қатысы жоқ екенін, АҚШ-тың бұл қадамы Иранды қорқытып, Израильді қолдау әрекеті екенін және өңірде сауда-экономикалық артықшылықтар алуға ұмтылыс екенін баса айтты.
12 қаңтар, жұмаға қараған түні АҚШ пен Ұлыбритания Йеменнің солтүстігінде билік ететін, Иран қолдау білдіретін "Ансар Алла" шейіттер қозғалысының (хуситтердің) нысандарына соққы беріп, мұны Қызыл теңіздегі кеме қатынасының еркіндігіне төнген қатерге жауап деп атады.
"Ансар Алланың" жоғары саяси кеңесінің мүшесі Мұхаммед Әли әл-Хоуси мұны террористік тағылық және негізсіз агрессия деп бағалады. Хуситтердің әскери өкілі Яхья Сария АҚШ пен Ұлыбритания Йеменге 73 соққы жасағанын, бес жауынгер өліп, алтауы жараланғанын айтты.
Жаңалықтар
0