https://sputnik.kz/20240113/2012-zhyly-zeynetkerlerdi-oltirgen-qylmysker-ustaldy-41559072.html
2012 жылы зейнеткерлерді өлтірген қылмыскер ұсталды
2012 жылы зейнеткерлерді өлтірген қылмыскер ұсталды
Sputnik Қазақстан
Ол зейнеткерлердің үйіне заңсыз кіріп, оларды өлтіріп, ақша ұрлап кеткен 13.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-13T12:52+0500
2024-01-13T12:52+0500
2024-01-13T12:52+0500
полиция
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында екі зейнеткерді өлтіріп кеткен қылмыскер он екі жылдан кейін Өзбекстанда ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz порталына сілтеме жасап.Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша,Өзбекстанның Үшқорған қаласында жергілікті құқық қорғау органдары Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, екі адамның өліміне қатысы бар, іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады.Ал Астана полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірге ЖШС директоры мен құрылтайшысын құрықтады. Олар бұған дейін ұсталған тағы екі фирма директорымен бірге 2020 жылы 144 үлескердің ақшасын жымқырып кеткен. Шығынның жалпы сомасы 4 млрд теңгені құрады.Жыл басынан бері іздеуде жүрген 58 қылмыскер ұсталды. Бұдан бөлек, криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 30 адамды тапты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция
2012 жылы зейнеткерлерді өлтірген қылмыскер ұсталды
Ол зейнеткерлердің үйіне заңсыз кіріп, оларды өлтіріп, ақша ұрлап кеткен
АСТАНА, 13 қаңтар – Sputnik. Алматы облысында екі зейнеткерді өлтіріп кеткен қылмыскер он екі жылдан кейін Өзбекстанда ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz
порталына сілтеме жасап.
Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаровтың айтуынша,Өзбекстанның Үшқорған қаласында жергілікті құқық қорғау органдары Алматы облысының криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп, екі адамның өліміне қатысы бар, іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады.
"Ер адам 2012 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жұмыс істеп жүріп, зейнеткерлердің үйіне заңсыз кіріп, оларды өлтіріп, ақша ұрлап кеткен", - дейді Назаров.
Ал Астана полицейлері қостанайлық әріптестерімен бірге ЖШС директоры мен құрылтайшысын құрықтады. Олар бұған дейін ұсталған тағы екі фирма директорымен бірге 2020 жылы 144 үлескердің ақшасын жымқырып кеткен. Шығынның жалпы сомасы 4 млрд теңгені құрады.
Жыл басынан бері іздеуде жүрген 58 қылмыскер ұсталды. Бұдан бөлек, криминалдық полиция қызметкерлері хабар-ошарсыз кеткен 30 адамды тапты.