https://sputnik.kz/20240112/zhambyl-oblysynda-qarasora-alqaby-eki-esege-azaygan-41545711.html
Жамбыл облысында қарасора алқабы екі есеге азайған
Жамбыл облысында қарасора алқабы екі есеге азайған
Sputnik Қазақстан
КСРО кезінен бастап жабайы қарасора 138 мың гектардан астам жерді алып жатқан 12.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-12T19:19+0500
2024-01-12T19:19+0500
2024-01-12T20:05+0500
жамбыл облысы
полиция
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0c/41552173_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_99e5b1ea5d0285df546afb914bbf259e.jpg
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысындағы атақты "Шу алқабы" аталған қарасора өсетін аумақ екі есеге азайды, деп мәлімдеді Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин бөлісті.Көптеген жылдар ішінде алғаш рет облыстық полиция Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Е.Бадаевпен және экономика ғылымдарының кандидаты С. Құлмановпен бірлесіп гербицидтерді пайдалана отырып, қарасораны тиімді жоюды зерттеу мәселелері пысықтаған."1989 жылғы есептеулер бойынша, яғни КСРО кезінен бастап жабайы қарасора 138 мың гектардан астам жерді алып жатқан. Содан бері зерттеулер жүргізілмеген. Облыс әкімдігінің қолдауымен 2023 жылы зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде қарасора алқабы 62 мың гектарға азайғаны анықталды", - дейді Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин.Департаментпен есірткі құралдарын дайындау, тасымалдау және өткізудің жолын кесу бойынша былтыр 5 тонна 837 кг есірткі тәркілеген. Заңсыз айналымнан 2 тоннаға 242 кг артық есірткі алынып, 562 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталған.Жалпы облыста қылмыс 15%-ке төмендеген."Ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 19,4%, қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар 19%, кәмелетке толмағандар мас күйінде жасаған заңбұзушылық 8,6%-ке азайды", - дейді ведомство басшысы.Батыс Еуропа - Батыс Қытай автобанын 25 экипаж күзетеді. Олар автоматты режимде жол ережелерін бұзғандарды тіркейді.Былтыр полицейлердің көмегімен дағдарыс орталықтарына 165 баласы бар 68 әйел орналастырылған. Оның ішінде 23 әйел "Ана үйі" орталығын мекен еткен."Өткен жылы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жүргізілген рейдтік және профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде полиция бөлімдеріне 7602 жасөспірім жеткізді", - дейді Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы.
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0c/41552173_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_523d8ed2cf5404fb1e9c8877d62552f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы, полиция
Жамбыл облысында қарасора алқабы екі есеге азайған
19:19 12.01.2024 (жаңартылды: 20:05 12.01.2024) КСРО кезінен бастап жабайы қарасора 138 мың гектардан астам жерді алып жатқан
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Жамбыл облысындағы атақты "Шу алқабы" аталған қарасора өсетін аумақ екі есеге азайды, деп мәлімдеді Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин бөлісті.
Көптеген жылдар ішінде алғаш рет облыстық полиция Қазақ өсімдіктерді қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі Е.Бадаевпен және экономика ғылымдарының кандидаты С. Құлмановпен бірлесіп гербицидтерді пайдалана отырып, қарасораны тиімді жоюды зерттеу мәселелері пысықтаған.
"1989 жылғы есептеулер бойынша, яғни КСРО кезінен бастап жабайы қарасора 138 мың гектардан астам жерді алып жатқан. Содан бері зерттеулер жүргізілмеген. Облыс әкімдігінің қолдауымен 2023 жылы зерттеулер жүргізіліп, нәтижесінде қарасора алқабы 62 мың гектарға азайғаны анықталды", - дейді Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Баймурзин.
Департаментпен есірткі құралдарын дайындау, тасымалдау және өткізудің жолын кесу бойынша былтыр 5 тонна 837 кг есірткі тәркілеген. Заңсыз айналымнан 2 тоннаға 242 кг артық есірткі алынып, 562 есірткіге қатысты құқық бұзушылық анықталған.
Жалпы облыста қылмыс 15%-ке төмендеген.
"Ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 19,4%, қоғамдық орындарда жасалған құқық бұзушылықтар 19%, кәмелетке толмағандар мас күйінде жасаған заңбұзушылық 8,6%-ке азайды", - дейді ведомство басшысы.
Батыс Еуропа - Батыс Қытай автобанын 25 экипаж күзетеді. Олар автоматты режимде жол ережелерін бұзғандарды тіркейді.
"Жол апаты 16,6%, зардап шеккендер 13,5%, қаза тапқантдар 1,4%-ке төмендеді. Бүгінгі таңда апаттар жиі болатын республикалық трассалардың учаскелерінде "Автоураган" АӨК-нің 22 бірлігі орнатылды, "Арқан" және "АвтоСканнар" мобильдік кешендерінің 25 бірлігі жұмылдырылды, ал қалада "Сергек"АӨК-нің 48 бекеті орнатылды. Облыс бойынша жол қауіпсіздігін бақылау үшін жалпы 420 камера пайдаланылады", - дейді Арманбек Баймурзин.
Былтыр полицейлердің көмегімен дағдарыс орталықтарына 165 баласы бар 68 әйел орналастырылған. Оның ішінде 23 әйел "Ана үйі" орталығын мекен еткен.
"Өткен жылы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жүргізілген рейдтік және профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде полиция бөлімдеріне 7602 жасөспірім жеткізді", - дейді Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы.