Төрт облыста жол жабылды

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Төрт облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлады ҚазАвтоЖол.
Ақтөбе облысында – 1 учаске
"Ақтөбе-Атырау-Астрахань" 97-330 км, Қандыағаш қаласынан Атырау облысы шекарасына дейін – 233 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Жамбыл облысында – 1 учаске
"Алматы-Ташкент-Термез" 159-238 км, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейін – 79 км. Жүк көліктері үшін шектеу енгізілді.
Батыс-Қазақстан облысында – 1 учаске
"Орал-Тасқала- РФ шекарасы" 4-104 км, Орал қаласынан РФ шекарасына дейін – 100 км. Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
Қостанай облысында – 1 учаске
"Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай" 386-503 км, Денисовка ауылынан Рудный қаласына дейін – 117 км. Шектеу жүк және қоғамдық көліктерге қолданылады.
Дәл қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 454 бірлік техника мен 586 жолшы жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
0