https://sputnik.kz/20240112/telefon-nomirin-satqandarga-ayyppul-salynady-41552689.html
Телефон нөмірін сатқандарға айыппұл салынады
Телефон нөмірін сатқандарға айыппұл салынады
Sputnik Қазақстан
Цифлық даму министрлігі бұлай жеке деректерді оңды-солды тарату заңсыз екенін ескертеді 12.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-12T21:44+0500
2024-01-12T21:44+0500
2024-01-12T21:44+0500
телефон
https://sputnik.kz/img/07e5/07/02/17515352_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_f23a168213b9535f5b4c064621763eb0.jpg
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстандықтардың телефон нөмірін сатқандарға қомақты айыппұл салынады, тіпті түрмеге жабылады. Мұндай жазаға жеке деректерді заңсыз жинап пайдаланғандар тартылады. Бұл туралы бүгін цифрлық даму министрлігі еске салды, деп хабарлайды КТК. Желіде азаматтардың телефон нөмірлерінің базасын сатып алу мүмкіндігі жайлы ақпарат таралған. Онда бұл деректер 2 мың теңгеден бастап сатылған. Нөмірлер базасы әйелдер мен ерлер және ауыл мен қала тұрғындары болып бөлек-бөлек топтастырылыпты. Тіпті нөмірді қолданатын адамдардың жас ерекшелігі сынды әртүрлі аудиторияға арналған деректер базасы да бар екен. Цифлық даму министрлігі бұлай жеке деректерді оңды-солды тарату заңсыз екенін ескертеді. Былтыр дербес ақпараттар және оларды қорғау туралы заң талабын бұзғаны үшін жеке, заңды және лауазымды тұлғаларға қомақты айыппұл салынған."Дербес деректер және оны қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік және қылмыстық кодекстің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Құқық бұзушыларды жауапқа тарту үшін өзінің телефон нөмірін осындай деректер базасынан тапқан жәбірленушінің өтініші қажет", - дейді ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы Ырысты Жалилханова.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/02/17515352_160:0:1120:720_1920x0_80_0_0_98ab44b6ab2e0ec745c2913fc201c987.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
телефон
Телефон нөмірін сатқандарға айыппұл салынады
Цифлық даму министрлігі бұлай жеке деректерді оңды-солды тарату заңсыз екенін ескертеді
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстандықтардың телефон нөмірін сатқандарға қомақты айыппұл салынады, тіпті түрмеге жабылады. Мұндай жазаға жеке деректерді заңсыз жинап пайдаланғандар тартылады. Бұл туралы бүгін цифрлық даму министрлігі еске салды, деп хабарлайды
КТК. Желіде азаматтардың телефон нөмірлерінің базасын сатып алу мүмкіндігі жайлы ақпарат таралған. Онда бұл деректер 2 мың теңгеден бастап сатылған. Нөмірлер базасы әйелдер мен ерлер және ауыл мен қала тұрғындары болып бөлек-бөлек топтастырылыпты. Тіпті нөмірді қолданатын адамдардың жас ерекшелігі сынды әртүрлі аудиторияға арналған деректер базасы да бар екен.
Цифлық даму министрлігі бұлай жеке деректерді оңды-солды тарату заңсыз екенін ескертеді. Былтыр дербес ақпараттар және оларды қорғау туралы заң талабын бұзғаны үшін жеке, заңды және лауазымды тұлғаларға қомақты айыппұл салынған.
"Дербес деректер және оны қорғау туралы заңнамасын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 79-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік және қылмыстық кодекстің 147-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделген. Құқық бұзушыларды жауапқа тарту үшін өзінің телефон нөмірін осындай деректер базасынан тапқан жәбірленушінің өтініші қажет", - дейді ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің бас сарапшысы Ырысты Жалилханова.