https://sputnik.kz/20240112/qaztransgaz-aymaq-filialynyn-basshysy-uydi-gazga-qosu-ushin-aqsha-bopsalagan-41509577.html
"ҚазТрансГаз Аймақ" филиалының басшысы үйді газға қосу үшін ақша бопсалаған
"ҚазТрансГаз Аймақ" филиалының басшысы үйді газға қосу үшін ақша бопсалаған
Sputnik Қазақстан
Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті араласқаннан кейін екі елді мекен газға қосылды 12.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-12T10:26+0500
2024-01-12T10:26+0500
2024-01-12T10:26+0500
өңірлер
газ
ұлытау облысы
https://sputnik.kz/img/1340/08/13400833_0:103:3277:1946_1920x0_80_0_0_e9fc8023218e67e0fd18ea55c18441dd.jpg
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Ұлытау облысында "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жезқазған филиалының қызметкерлері үйді газға қосу үшін ауыл тұрғындарынан ақша бопсалаған, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.Агенттіктің ақпаратынша, Қабанбай батыр кенті мен Талап ауылы ұзақ уақыт бойы газ тарату желісінің жабдығына қосыла алмаған. Өйткені "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы тұрғындардан 70 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ақша бопсалаған.Компания қызметкерлері бұл қаражатты тұрғын үйлер мен шаруашылық объектілерін газдандыру бойынша монтаждау жұмыстарының сапасын тексермей, кедергісіз қабылдау үшін талап еткен.Былтыр қыркүйекте осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды."Қазіргі таңда ауылдарды газдандыру мәселесі шешілді. Ұлытау облысындағы екі елді мекеннің тұрғындары агенттіктің аумақтық департаментінің қызметкерлері араласқаннан кейін газға қосылды", - деп мәлімдеді ҚМА.Агенттік өкілеттікті теріс пайдалану, қаржы жымқыру немесе басқа да экономикалық құқықбұзушылық фактілері жайлы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауды сұрайды. Анонимділікке кепілдік беріледі.
https://sputnik.kz/20231204/8-zhyl-kutken-astanada-birqatar-turgyn-uy-kesheni-gazga-qosyldy-40609725.html
ұлытау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1340/08/13400833_272:0:3003:2048_1920x0_80_0_0_8612e703bc637cd7ea3b9a48bee708e6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, ұлытау облысы
"ҚазТрансГаз Аймақ" филиалының басшысы үйді газға қосу үшін ақша бопсалаған
Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті араласқаннан кейін екі елді мекен газға қосылды
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Ұлытау облысында "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жезқазған филиалының қызметкерлері үйді газға қосу үшін ауыл тұрғындарынан ақша бопсалаған, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Агенттіктің ақпаратынша, Қабанбай батыр кенті мен Талап ауылы ұзақ уақыт бойы газ тарату желісінің жабдығына қосыла алмаған. Өйткені "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Жезқазған филиалының басшысы мен бас маманы тұрғындардан 70 мыңнан 300 мың теңгеге дейін ақша бопсалаған.
Компания қызметкерлері бұл қаражатты тұрғын үйлер мен шаруашылық объектілерін газдандыру бойынша монтаждау жұмыстарының сапасын тексермей, кедергісіз қабылдау үшін талап еткен.
Былтыр қыркүйекте осы фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.
"Қазіргі таңда ауылдарды газдандыру мәселесі шешілді. Ұлытау облысындағы екі елді мекеннің тұрғындары агенттіктің аумақтық департаментінің қызметкерлері араласқаннан кейін газға қосылды", - деп мәлімдеді ҚМА.
Агенттік өкілеттікті теріс пайдалану, қаржы жымқыру немесе басқа да экономикалық құқықбұзушылық фактілері жайлы "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауды сұрайды. Анонимділікке кепілдік беріледі.