Қаңтарда өтетін ҰБТ-ға 136 мың өтініш түсті

© © Sputnik / Владислав ВодневҰБТ
ҰБТ - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2024
Жазылу
Тестілеу 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді
АСТАНА, 12 қаңтар – Sputnik. Қаңтарайында өтетін ҰБТ-ға қатысуүшін өтініш қабылдау аяқталды. 136 мың адам тестілеуден өтуге ниет білдірген.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, тестілеу 15 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.
Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдады.
"ҰБТ барысында калькулятор, химиялық элементтердің периодтық жүйесі (Менделеев кестесі) және тұздардың ерігіштік кестесі компьютер экранында көрсетіледі. Тест тапсырушылар тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш бере алады. Сертификат аппеляциялық комиссияның шешімінен кейін талапкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады", - деді ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.
Айта кетейік, ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни үшеуі міндетті және екеуі таңдау бойынша. Алайда, "Оқу сауаттылығы" мен "Математикалық сауаттылық" міндетті пәндерінен тапсырмалар саны 5 сұраққа қысқарады. Ал бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұратын болады. Атап өтейік, бейіндік пәндерде берілген тізімнен сәйкестікті анықтауға арналған 5 тапсырма қосылады.
Осылайша, ҰБТ тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, барлығы 120 сұрақ болады. Оның ішінде "Қазақстан тарихынан" 20 тапсырма, "Оқу сауаттылығынан" 10 тапсырма, "Математикалық сауаттылықтан" 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма бар. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.
Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Білім
Шығармашылық мамандықты таңдағандар ҰБТ-ны қалай тапсырады
Жаңалықтар
0