Еліміздің бірқатар өңірінде оқушылар қашықтан оқиды

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуИнтерактивный урок
Интерактивный урок - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 12 қаңтар - Sputnik. Бүгін Астанада 1-9 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқыту форматына көшірілді.
Абай облысында 5 ауданда (Аягөз, Жарма, Көкпекті, Бесқарағай, Ақсуат) және Курчатов қаласында бірінші ауысымның оқушылары онлайн оқиды. Қалған аудандар мен қалалардағы балалар мектепке барады.
Қостанай облысының Арқалық қаласы мен Әулиекөл, Наурызым, Қарабалық, Ұзынкөл, Амангелді, Меңдіқара, Бейімбет Майлин, Қамысты және Қарасу аудандарында аязға байланысты бірінші ауысымдағылар үшін сабақ қашықтан оқу форматына ауыстырылды.
Облыста ауа температурасы - 25-30 градус аяз.
Жаңалықтар
0