"Аптасына 7-8 адам келеді": Қарттар үйіне өздері сұранып баратындар саны артқан
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
АЛМАТЫ, 12 қаңтар – Sputnik. Қазақстанда қарттар үйіне өздері сұранып баратын егде жастағы адамдар саны артып барады. Оған бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы, мейірімнің болмауы басты себеп көрінеді. Жалпы, қарттар үйіндегі ахуал қандай? Sputnik Қазақстан тілшісі "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, қарттардың жағдайын біліп қайтты.
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйінде бүгінде 297 қарт тұрып жатыр. Оның арасында 1-2 топ мүгедектері де бар.
Қарттар үйінің тұрғыны – Айымторы әжей 86 жаста. Бұл жерді мекен еткелі 15 жыл өткен.
© Sputnik / Ертай Сарбасов"Шаңырақ" қарттар үйінің тұрғыны Айымторы әжей
"Шаңырақ" қарттар үйінің тұрғыны Айымторы әжей
© Sputnik / Ертай Сарбасов
© Sputnik / Ертай СарбасовАйымторы әжей актриса мамандығын алған
Айымторы әжей актриса мамандығын алған
© Sputnik / Ертай Сарбасов
"Осы жерге келгелі өмірімде көрмеген ілтипатты, сыйды көрдім. Ай-апай деп бәрі сыйлап тұрады. Өзім актрисамын, жас кезімде біраз қиындық болды. Бірақ бәрі мені сыйлады. Қазіргі жағдайым да жақсы", - дейді Айымторы әжей.
Инсульт алып, жағдайы нашарлап келген тұрғынның бірі – Людмила Ивановна.
© Sputnik / Ертай СарбасовЛюдмила Ивановна инсульттан кейін аяғына тік тұрды
Людмила Ивановна инсульттан кейін аяғына тік тұрды
© Sputnik / Ертай Сарбасов
"Инсульт алып, қатты сырқаттандым. Денем жартылай істен шықты. Өзімді адам емес, кәдімгі бір ет сияқты сезініп қалдым. Инсульттан соң 8 ай бойы менің денемді икемге келтірді. Осы жерге келіп аяғымнан тік тұрып, өмірім 10 жылға ұзарды. Мен жалғызілік адаммын, күйеуім қайтыс болды, басқа ешкімім жоқ. Осы үйіме келіп адам болдым", - дейді ол.
Қарттардың денсаулығын қалт еткізбей қадағалап тұратын маман көп. Солардың бірі – Асқар Сүгіралин мен Елдос Келдосов.
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйінің нұсқаушысы Асқар Сүгіралин
1/2
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйінің нұсқаушысы Асқар Сүгіралин
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйінің нұсқаушысы Елдос Келдосов
2/2
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйінің нұсқаушысы Елдос Келдосов
1/2
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйінің нұсқаушысы Асқар Сүгіралин
2/2
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйінің нұсқаушысы Елдос Келдосов
"Жаттығу залына күніне қырық адам келеді. Біз мейлінше ол кісілердің қимыл-қозғалыста болғанын талап етеміз. Дене үнемі қозғалыста болмаса, адам тез салмақ жинайды, ал артық салмақ денсаулыққа зиян. Кейбірі ерінеді, кейбірі мүлдем жаттығу жасағысы келмейді. Жүріп тұра алатын қарттар осында келеді, ал қимылсыз жатқан қарттарға өзіміз барып, жаттығу жасап, буындарын қозғалысқа келтіреміз", - дейді мамандар.
Кең ғимарат, ат шаптырым бөлмелер, уақытылы тамақ, емдік шаралар... Еңбекпен айналысқысы келетіндердің тірлігі өз алдына бір бөлек. Қысқасы қарт адамға қажеттің бәрі бар.
Қайрат Қалиақперов ата қарттар үйінде 9 жылдан бері тұрады. Кейінгі 7 жылда моншақтан әртүрлі заттар жасап сатады.
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
© Sputnik / Ертай Сарбасов
"Жылына бір рет шипажайға барып, осы заттарымды сатып қайтамын. Былай да тапсырыс берушілер көп. Өзіме сондай ұнайды, моншақтарды осы мекеме, кейде өзім сатып аламын", - дейді Қайрат ата.
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
© Sputnik / Ертай Сарбасов
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Сырлас тауып, дос болып, тіпті жұптасып жатқан қарттар бар. Кейбірі заңды түрде, әрі шариғат жолында некелерін қидырып, қалған өмірін бірге өткізуге серттеседі. Бұл жердегі тірлік бөлек. Туғаным қасымда емес дегені болмаса, жанға керектің бәрі бар.
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
1/6
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
2/6
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
3/6
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
4/6
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
5/6
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
© Sputnik / Ертай СарбасовАлматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
6/6
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
1/6
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
2/6
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
3/6
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
4/6
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
5/6
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
6/6
© Sputnik / Ертай Сарбасов
Алматыдағы "Шаңырақ" қарттар үйі
"Мұндағылардың басым көпшілігі өздері сұранып келген. 15-20% ғана сот арқылы келетіндер, яғни отбасында жағдайы болмаған кісілер. Бұрын қарттар үйіне айына 2-3 адам келетін, қазір аптасына 7-8 адам келеді. Ең жоқ дегенде айына 14-15 адам түседі", - дейді "Шаңырақ" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының әлеуметтік істер жөніндегі орынбасары Сымбат Нәбиева.
Жастары шау тартқанда жағдайы жақсы жерді пана тұтқысы келетіндер саны артып барады. "Шаңырақ" орталығындағы мамандар оған бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынастың нашарлауы, мейірімнің болмауы басты себеп дейді. Айтпақшы, өздері сұранып келетіндердің ішінде кемпірінен айырылып, жалғыз қалған ер адамдар саны көп.
Жалпы, Қазақстанда 5000-нан астам қарт мемлекет қарамағындағы қарттар үйінде тұрады. Жекеменшік қарттар үйінде тұратындар да бар. Бірақ ондағылар туралы нақты дерек жоқ.