Жоғарғы соттың төрт судьясы қызметінен босатылды

© SputnikВерховный суд РК
Верховный суд РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Жазылу
Заң бойынша президент жоғарғы сот судьяларын сенат арқылы қызметінен босатады.
АСТАНА, 11 қаңтар - Sputnik. Сенат депутаттары президенттің ұсынысымен жоғарғы соттың төрт судьясын қызметінен босату туралы қаулыны қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қызметінен босатылған судьялар – Альфия Савинова, Айгүл Сапарова, Ақылтай Қасымов пен Ербол Исмаилов. Қаулыға сәйкес, Савинова мен Сапарова зейнет жасына жетсе, Қасымов судья қызметіндегі шекті жас – 67-ге келді. Ал Исмаилов басқа қызметке тағайындалды. Ол Еуразиялық экономикалық одақтың сотында судья қызметін атқарады.
Сенат депутаттары қаулыны бірауыздан қабылдады.
Айта кетері, заң бойынша президент жоғарғы сот судьяларын сенат арқылы қызметінен босатады.
Жаңалықтар
0