https://sputnik.kz/20240111/qostanayda-omirine-qauip-tongen-taksi-zhurgizushi-politsiya-koligin-qasaqana-soqty-41485133.html
Қостанайда өміріне қауіп төнген такси жүргізуші полиция көлігін қасақана соқты – видео
Қостанайда өміріне қауіп төнген такси жүргізуші полиция көлігін қасақана соқты – видео
Sputnik Қазақстан
Жолаушы қалаға кіреберісте такси жүргізушінің мойнына пышақ тақап, ақша талап еткен 11.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-11T08:33+0500
2024-01-11T08:33+0500
2024-01-11T09:05+0500
қостанай облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321998_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_b73e0a1f7e9b7744c7f99b4fa05fc561.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Қостанайда өміріне қауіп төнген такси жүргізуші көмек алу мақсатында полиция көлігін қасақана соқты.Қостанай облысының полиция департаменті оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлады Polisia.kz.7 қаңтарға қараған түні Рудный қаласының екі тұрғыны облыс орталығына таксимен барған. Жолаушылардың бірі қалаға кіреберісте такси жүргізушінің мойнына пышақ тақап, ақша талап етіп, өзін басқа елді мекенге жеткізуді талап еткен.Такси жүргізуші полицейлердің қызметтік көлігін көріп, олардың назарын аудару үшін әдейі соққан. Осы сәтті пайдаланып, көліктен түсіп қашып кеткен. Осы кезде күдікті оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Бірақ оны патрульдік полицейлер тез арада ұстады."Тонауға оқталу" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.Ведомство қақтығыс салдарынан ешкім зардап шекпегенін атап өтті. Қызметтік автокөлікке елеусіз материалдық залал келтірілді.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321998_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_867190abae7a5c6f4261cdcf70362bd8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы
Қостанайда өміріне қауіп төнген такси жүргізуші полиция көлігін қасақана соқты – видео
08:33 11.01.2024 (жаңартылды: 09:05 11.01.2024) Жолаушы қалаға кіреберісте такси жүргізушінің мойнына пышақ тақап, ақша талап еткен
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Қостанайда өміріне қауіп төнген такси жүргізуші көмек алу мақсатында полиция көлігін қасақана соқты.
Қостанай облысының полиция департаменті оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлады
Polisia.kz.7 қаңтарға қараған түні Рудный қаласының екі тұрғыны облыс орталығына таксимен барған. Жолаушылардың бірі қалаға кіреберісте такси жүргізушінің мойнына пышақ тақап, ақша талап етіп, өзін басқа елді мекенге жеткізуді талап еткен.
Такси жүргізуші полицейлердің қызметтік көлігін көріп, олардың назарын аудару үшін әдейі соққан. Осы сәтті пайдаланып, көліктен түсіп қашып кеткен. Осы кезде күдікті оқиға орнынан жасырынуға тырысқан. Бірақ оны патрульдік полицейлер тез арада ұстады.
"Тонауға оқталу" фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.
Ведомство қақтығыс салдарынан ешкім зардап шекпегенін атап өтті. Қызметтік автокөлікке елеусіз материалдық залал келтірілді.