Қазақстанда тасжолда 59 шетел азаматы құтқарылды

© Photo : Polisia.kzБалалар тұрып қалған автобустан эвакуацияланды
Балалар тұрып қалған автобустан эвакуацияланды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Жазылу
Сонымен қатар құтқарушылар жүкті әйел мен қолы сынған баланы да эвакуациялады
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Патрульдік полиция қызметкерлері Батыс Қазақстандағы тасжолда тоқтап қалған автобусты анықтады, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысы Талдысай ауылының маңында Қарабұтақ – Қостанай тасжолында автобус тоқтап қалды.
Полицейлер жол жиегінде жолаушылар автобусының тұрғанын байқаған. Қатты аяздан болған ақау салдарынан көлік ары қарай жүре алмағаны белгілі болды.
"Салонда үш қазақстандық жүргізуші мен 59 шетел азаматы болған, оның алтауы бала, төртеуі әйел. Олар Шымкенттен Челябіге бет алған", - деп жазылған хабарламада.
Полиция құтқарушылармен және жергілікті билік өкілдерімен бірге аяздан зардап шеккен жолаушыларды эвакуациялады. Ер адамдар жақын маңдағы ауылдағы мешітке, ал әйелдер колледж жатақханасына орналастырылды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқарушылардың жұмысы көбейді. Мәселен, Солтүстік Қазақстанда олар үш адамнан тұратын отбасын қар құрсауынан аман алып шықты.
Жаңалықтар
0