Кез келген топты тәртіпке саламыз – министр "базар мафиясы" туралы айтты

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев "базар мафиясына" қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министрдің айтуынша, халық арасында "базар мафиясы бар" деген пікір бұрыннан қалыптасқан. Бірақ қазіргі кезде ондай топтар жоқ.
"Себебі ондай фактілер анықталса, кез келген топты жылдам тәртіпке саламыз. Ішкі істер органдары бар. Бұдан бөлек, өзіміздің құзыретімізді қолданамыз. Негізі ондай фактілер жоқ емес. Бірақ белгілі бір топтардың әрекеті емес, жосықсыз бәсекелестіктің көрінісі – біреулер тауар жеткізуші ретінде өз орнын сақтап қалуға тырысады. Біз оған қарсы шара қолдана аламыз", - деді Шаққалиев сенатта өткен брифингте.
Осы орайда министр базар мафиясы туралы пікір қалай қалыптасатынын түсіндірді.
"Мысалы, біз Астанада базарларды аралап, сатушылармен де, тауар жеткізушілермен де кездесіп тұрамыз. Негізі адам базарда көбіне бұрыннан білетін сатушыға барады ғой. Себебі тауардың бағасын да, сапасын да біледі. Сол сатушының қызмет көрсетуі ұнайтын шығар. Сол сияқты сатушылар да бұрыннан бері білетін тауар жеткізушілермен жұмыс істейді. Содан қате пікір қалыптасады", - деп атап өтті сауда министрі.
Жаңалықтар
0