Кеніштегі автобус апаты: іздестіру жұмыстарына қосымша техника тартылды

© Photo : Valeriy BUGAYEVНе прекращаются поисковые работы на месте обвала в районе горного отвода АО "Майкаинзолото".
Не прекращаются поисковые работы на месте обвала в районе горного отвода АО Майкаинзолото. - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Жазылу
Опырылған жерден 110 мыңнан астам тонна топырақ пен тау жыныстары шығарылды
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. "Майқайыңалтын" АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстарының орнына қосымша техника келді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
Ведомство мәліметінше, жұмыстарға шағын экскаватор тартылды, оның жалпы салмағы 3,5 тонна. Ол ауыр техника жол ашқаннан кейін, шұңқырдың түбінде қазба жұмыстарын жүргізуге қатысады.
Павлодар облысы ТЖД құтқарушылары шұңқырдың түбінде маркшейдер рейкасын орнату және автобустың болжамды орналасқан жерін сигналдық лентамен белгілеу бойынша жұмыстар жүргізді.
"Техниканың өтуі үшін бағаналы жолды кеңейту жұмыстары жалғасуда. Жалпы опырылған жерден 110 мыңнан астам тонна топырақ пен тау жыныстары шығарылды. Сонымен қатар, жазатайым оқиғаның себептерін тергеу жөніндегі комиссияның жұмысы жалғасуда. Комиссия мүшелері жерасты тау-кен қазбаларына жерүсті опырылу әсерін анықтау мақсатында жерасты кенішін шахтаға түсіруді жүзеге асырды", - делінген хабарламада.
Іздеу жұмыстарына барлығы 142 адам, 50 техника, үш кинологиялық есептоп және екі ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Автобус провалился (https://t.me/sputnikKZ/45297) в воронку: в песке найдены тела двух спасателей - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2024
Шахтадағы трагедия: автобус тегіс жолмен келе жатқанда жер опырылып кеткен – министр
Жаңалықтар
0