https://sputnik.kz/20240111/ekvadordagy-qaruly-qaqtygys-zardap-shekkender-arasynda-qazaqstandyqtar-bar-ma-41489043.html
Эквадордағы қарулы қақтығыс: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма
Эквадордағы қарулы қақтығыс: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма
Sputnik Қазақстан
Консул қазақстандықтардың барлығымен хабарласып, байланыс орнатқан 11.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-11T10:22+0500
2024-01-11T10:22+0500
2024-01-11T10:37+0500
қоғам
қақтығыс
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0a/41461792_0:160:3071:1887_1920x0_80_0_0_082c1fb8dc134e106e4337971593a15b.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Эквадорда тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.СІМ ақпаратынша, консул олардың барлығымен хабарласып, тікелей байланыс орнатқан. Сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы тиісті нұсқаулық берді."Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.Естеріңізге сала кетейік, Эквадордағы тәртіпсіздіктер 7 қаңтарда "Лос-Чонерос" бандасының лидері түрмеден қашып кеткеннен кейін басталды. Жағдай ушыққан соң ел президенті 60 күнге төтенше жағдай жариялады. Қарулы қақтығыс басталғанын растайтын жарлық шығарды.Биліктің әрекеті қылмыскерлердің ашуын туғызды. Олар қала көшелерінде автобустар мен көліктерді өртей бастады, Гуаякильде қолдан жасалған жарылғыш заттар жарылды.Тәртіпсіздіктер басталғаннан кейін Эквадор полициясы мен әскерилері 329 қылмыскерді ұстаған және рейд барысында бес террористің көзін жойды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/0a/41461792_171:0:2900:2047_1920x0_80_0_0_cf0c0170c299ac56501feb05e2ebb392.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қақтығыс
Эквадордағы қарулы қақтығыс: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма
10:22 11.01.2024 (жаңартылды: 10:37 11.01.2024) Консул қазақстандықтардың барлығымен хабарласып, байланыс орнатқан
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Эквадорда тәртіпсіздіктер салдарынан зардап шеккен азаматтар арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлады.
"Қазіргі уақытта Эквадорда тұрақты негізде тұратын 7 Қазақстан азаматы бар, барлығы консулдық есепте. Олардан басқа бұл елге турист ретінде барған 3 адамнан тұратын қазақстандық отбасы бар", - делінген хабарламада.
СІМ ақпаратынша, консул олардың барлығымен хабарласып, тікелей байланыс орнатқан. Сондай-ақ қауіпсіздік шаралары туралы тиісті нұсқаулық берді.
"Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деп мәлімдеді ведомстводағылар.
Естеріңізге сала кетейік, Эквадордағы тәртіпсіздіктер 7 қаңтарда "Лос-Чонерос" бандасының лидері түрмеден қашып кеткеннен кейін басталды. Жағдай ушыққан соң ел президенті 60 күнге төтенше жағдай жариялады. Қарулы қақтығыс басталғанын растайтын жарлық шығарды.
Биліктің әрекеті қылмыскерлердің ашуын туғызды. Олар қала көшелерінде автобустар мен көліктерді өртей бастады, Гуаякильде қолдан жасалған жарылғыш заттар жарылды.
Тәртіпсіздіктер басталғаннан кейін Эквадор полициясы мен әскерилері 329 қылмыскерді ұстаған және рейд барысында бес террористің көзін жойды.