https://sputnik.kz/20240111/biyl-askeri-zhiyndarga-3-myn-adam-shaqyrylady-41461305.html
Биыл әскери жиындарға 3 мың адам шақырылады
Биыл әскери жиындарға 3 мың адам шақырылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Қорғаныс министрінің "2024 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрығының жобасы әзірленді, деп хабарлады... 11.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-11T07:00+0500
2024-01-11T07:00+0500
2024-01-11T07:00+0500
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_5cd43247a8f2d7461b008a0df7eb73c7.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Қорғаныс министрінің "2024 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрығының жобасы әзірленді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Бұйрыққа сәйкес 2024 жылы 3 000 әскери міндеттіні әскери жиындарға шақыру жоспарланып отыр.30 күндік әскери жиындар 2007 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Жиын кезінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады. Оларға орташа жалақы, ал жұмыссыздарға мемлекет есебінен ең төменгі жалақы төленеді.Әскери міндеттілер Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен теміржол немесе автомобиль көлігімен, тамақпен қамтамасыз етіледі.Бұдан бөлек әскери жиындарға шақырылған барлық әскери міндетті заттай мүлікпен және әскери қызметшілермен тең дәрежеде медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.Жиынға шақырылған барлық әскери міндеттілер казармалық жағдайда болады. Оларды бөлімнің орналасқан жерінен сейілге шығуын рота командирлері ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәртіппен жүргізеді.Бұйрық жобасының толық мәтінімен осы жылдың 23 қаңтарына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1008/55/10085569_0:0:1440:1080_1920x0_80_0_0_49319bd903bcde33ba75b2d029dd9d34.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әскери қызметкер
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Қорғаныс министрінің "2024 жылы әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыру туралы" бұйрығының жобасы әзірленді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Бұйрыққа сәйкес 2024 жылы 3 000 әскери міндеттіні әскери жиындарға шақыру жоспарланып отыр.
"Әскери тәртіп пен қоғамдық тәртіпті бұзғаны, қылмыс жасағаны, сондай-ақ мемлекетке материалдық залал келтіргені үшін әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер елдің заңнамасына сәйкес жауапқа тартылады. Әскери міндеттілер әскери жиындардан жалтарған жағдайда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл салынады", - деп жазылған хабарламада.
30 күндік әскери жиындар 2007 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Жиын кезінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталады. Оларға орташа жалақы, ал жұмыссыздарға мемлекет есебінен ең төменгі жалақы төленеді.
Әскери міндеттілер Қорғаныс министрлігінің қаражаты есебінен теміржол немесе автомобиль көлігімен, тамақпен қамтамасыз етіледі.
Бұдан бөлек әскери жиындарға шақырылған барлық әскери міндетті заттай мүлікпен және әскери қызметшілермен тең дәрежеде медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі.
Жиынға шақырылған барлық әскери міндеттілер казармалық жағдайда болады. Оларды бөлімнің орналасқан жерінен сейілге шығуын рота командирлері ішкі қызмет жарғысында белгіленген тәртіппен жүргізеді.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен осы жылдың 23 қаңтарына дейін
мына сілтеме бойынша танысуға болады.