https://sputnik.kz/20240111/bishimbaevty-qamauga-alu-merzimi-nauryzga-deyin-uzartyldy-41503298.html
Бишімбаевты қамауға алу мерзімі наурызға дейін ұзартылды
Бишімбаевты қамауға алу мерзімі наурызға дейін ұзартылды
Sputnik Қазақстан
Оған әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр 11.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-11T16:43+0500
2024-01-11T16:43+0500
2024-01-11T16:43+0500
қуандық бишімбаев
https://sputnik.kz/img/491/14/4911465_0:0:2016:1134_1920x0_80_0_0_afb2aa08f2f2f34c7e319e46cf39bb60.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлады Астана қалалық соты.Оған Қылмыстық кодекстің "Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру" бабы бойынша айып тағылып отыр.Еске сала кетейік, өткен жылдың 9 қарашасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімін тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.Бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталғаны хабарланған болатын.
https://sputnik.kz/20240108/saltanat-nukenovanyn-olimine-qatysty-tergeu-zhumystary-ayaqtaldy-41429886.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/491/14/4911465_135:0:2016:1411_1920x0_80_0_0_77f1c04f023a333aae33c2058773c548.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қуандық бишімбаев
Бишімбаевты қамауға алу мерзімі наурызға дейін ұзартылды
Оған әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылып отыр
АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты қамауға алу мерзімі 9 наурызға дейін ұзартылды, деп хабарлады Астана қалалық соты.
Оған Қылмыстық кодекстің "Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру" бабы бойынша айып тағылып отыр.
Еске сала кетейік, өткен жылдың 9 қарашасында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың елордадағы мейрамханалардың бірінде әйелін ұрып өлтіргені туралы хабар қоғамды дүр сілкіндірген еді.
Кейбір БАҚ беттерінде Бишімбаевтың мас күйінде болғаны, тіпті есірткіге мас болғаны туралы хабарланды. Полиция марқұмның жедел жәрдем келгенше қайтыс болғанын айтты.
ІІМ сол күні мейрамханадағы жанжалдың салдарынан алған дене жарақаттарынан бір әйелдің қайтыс болғанын растаған еді. Алайда оқиғаға қатысты қандай да бір ақпарат берген жоқ: зардап шегушінің атын атаған жоқ.
Кейіннен ішкі істер министрлігі Астана мейрамханасындағы кісі өлімі бойынша Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.
Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімін тергеу барысында оқиға болған "Bau" мейрамханасы орналасқан Гастро орталық директоры қылмысты жасырды деген күдікке ілініп, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталғаны хабарланған болатын.