Ақмола облысында жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды

© Sputnik / Абзал КалиевАпрельский снегопад в Астане
Апрельский снегопад в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 11 қаңтар - Sputnik. Ақмола облысында жолда қалған 100-ге жуық адам құтқарылды. Олар жақын маңдағы жылыту бекеттеріне жеткізілді, деп хабарлайды 24.kz.
Жалпы қыс басталғалы ақ түтек боран салдарынан 300-ге жуық жолаушы мен 20-дан астам көлік қар құрсауынан шығарылған. Қазір өңірде 700-ден астам арнайы техника мен екі жарым мың құтқарушы жасақталған.
Тәртіп сақшылары да тәулік бойы жолдарда кезекшілік атқарады. Облыстық ТЖД басқарма бастығы Олег Малюктің айтуынша, қазір аймақта 268 жылыту бекеті мен 3 медициналық-құтқару пункті әзірленді.
Осы уақытқа дейін жылыту орындарына 277 адам жеткізілді. Оның 29-ы бала.
Жаңалықтар
0