https://sputnik.kz/20240111/almatyda-zheltoqsan-oqigasyna-qatysushylaravtobuspen-tegin-zhuredi-41502201.html
Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушылар автобуспен тегін жүреді
Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушылар автобуспен тегін жүреді
Sputnik Қазақстан
Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға төленетін біржолғы төлем 150 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін ұлғайтылды 11.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-11T16:12+0500
2024-01-11T16:12+0500
2024-01-11T16:12+0500
алматы
желтоқсан көтерілісі
https://sputnik.kz/img/07e7/01/09/30958613_0:69:800:519_1920x0_80_0_0_b7db5db2785e1094cb5eb9cbda8a8d9d.jpg
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Алматыда өткен жылы әлеуметтік қолдаумен 192 мыңнан астам адам қамтылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Оның айтуынша, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлері үшін Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығару күніне 100 мың теңгеден жаңа төлем енгізілді."Осылайша, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері 200 мың теңге алады: 9 мамыр мен 15 ақпан қарсаңында 100 мың теңгеден алатын болады",- деді басқарма басшысы.Ол жыл сайын әлеуметтік көмектің мөлшері қайта қаралатынын, сондай-ақ көмектің жаңа түрлері енгізілетінін атап өтті."1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушылары қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы. 2024 жылы 2,9 мың ауған ардагері мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 700 қатысушысын (444 млн теңге) қосымша әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету жоспарлануда",- деді Жаубасов.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/01/09/30958613_0:0:800:601_1920x0_80_0_0_0b40d09c730940b097ab751526bd7847.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, желтоқсан көтерілісі
алматы, желтоқсан көтерілісі
Алматыда Желтоқсан оқиғасына қатысушылар автобуспен тегін жүреді
Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға төленетін біржолғы төлем 150 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін ұлғайтылды
АСТАНА, 11 қаңтар – Sputnik. Алматыда өткен жылы әлеуметтік қолдаумен 192 мыңнан астам адам қамтылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қосымша әлеуметтік қолдау мақсатында Алматы қаласы мәслихатының қолданыстағы шешіміне өзгерістер енгізілді, онда 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларына қатысушыларға ҚР Тәуелсіздік күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек мөлшері 150 мың теңгеден 250 мың теңгеге дейін ұлғайтылды. Бұл көмекті желтоқсан оқиғасына 676 қатысушы алды", - деді Жаубасов.
Оның айтуынша, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан ардагерлері үшін Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстаннан шығару күніне 100 мың теңгеден жаңа төлем енгізілді.
"Осылайша, басқа мемлекеттердің аумағындағы жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері 200 мың теңге алады: 9 мамыр мен 15 ақпан қарсаңында 100 мың теңгеден алатын болады",- деді басқарма басшысы.
Ол жыл сайын әлеуметтік көмектің мөлшері қайта қаралатынын, сондай-ақ көмектің жаңа түрлері енгізілетінін атап өтті.
"1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушылары қалалық қоғамдық көлікте тегін жүруге құқылы. 2024 жылы 2,9 мың ауған ардагері мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 700 қатысушысын (444 млн теңге) қосымша әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз ету жоспарлануда",- деді Жаубасов.