ҰҚШҰ тұрақты кеңесін Марат Сыздықов басқарады

© Sputnik / Абзал КалиевЗаместитель министра иностранных дел Казахстана Марат Сыздыков
Заместитель министра иностранных дел Казахстана Марат Сыздыков - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2024
Жазылу
ҰҚШҰ тұрақты кеңесінің 2024 жылғы бірінші отырысы өтті
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы жанындағы тұрақты өкіл Марат Сыздықов ұйымның тұрақты кеңесін басқарады, деп хабарлайды ҰҚШҰ баспасөз қызметі.
2024 жылы ұйым төрағалығы Қазақстанға ауысты.
"ҰҚШҰ тұрақты кеңесінің 2024 жылғы бірінші отырысы басталды. Ұйым төрағалығының Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасына ауысуына байланысты төрағалық етуді Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілі Марат Сыздықов алды", - делінген ұйым хабарламасында.
Сыздықов 2022 жылдың сәуірінен бастап Қазақстанның ҰҚШҰ жанындағы тұрақты өкілі, оған дейін 2019 жылдың наурыз айынан бастап Сыртқы істер вице-министрі болды. Одан бұрын, 2014 жылдан бастап Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің министр-кеңесшісі қызметін атқарған.
Сыздықов 2014-2019 жылдары – Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің министр-кеңесшісі болып қызмет атқарды. 2019 жылдан бастап Қазақстанның сыртқы істер вице-министрі болды.
Жаңалықтар
0