Қазақстандықтарды 112 млн теңгеге алдаған қылмыстық топ ұсталды

© Sputnik / Алексей Вовк / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2024
Жазылу
Республиканың әр өңірінен 20 адам полицияға арызданды
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Полиция жұмыспен қамту, жылжымайтын мүлік және автокөлік саласында алаяқтық жасаған қылмыстық топты ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.
Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өткен жылы жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық фактісін анықтаған. Қаскөйлер мұнай компанияларының біріне жұмысқа орналастырып береміз, сондай-ақ автокөліктер мен жылжымайтын мүлікті алып-сатуға көмектесеміз деген желеумен 112 млн теңгеден астам қаражатты иемденген.
"Бүгінде республиканың әр өңірінен 20 адам полицияға арызданды. Ұсталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тінту жүргізілді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта топтың үш мүшесі қамауда", – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Олар ұйымдасқан қылмыстық топты құрып, оны басқарды және оған қатысты деп айыпталуда. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді.
Монеты, финансы, Финансовая пирамида - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.12.2023
Алаяқтарға алданған қазақстандықтар 97 миллиард теңгеден айырылды
Жаңалықтар
0