Ауа райына байланысты Астана-Жезқазған әуе рейсі тоқтатылды

© Photo : Пресс-служба аэропорта АстаныАэропорт Астаны
Аэропорт Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2024
Жазылу
Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жаты
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Елордадағы қолайсыз ауа райына байланысты Астана-Жезқазған бағытында ұшатын рейс тоқтатылды, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
Бүгін жауған қалың қар мен қатты жел әуе тасымалына да өз ықпалын тигізді.

"Мұндай ауа-райында авиациялық қауіпсіздік мақсатында авиакомпаниялардың шешімімен әуе рейстері тоқтатылуы немесе кешіктірілуі мүмкін. Дәл қазір әуежайдың әуеайлағында қатты жел соғып тұр. Оның жылдамдығы 11 м/с, алайда желдің екпіні 16м/с дейін жетіп тұр. Бүгін елорда әуежайында 75 рейс жоспарланған болатын. Оның 12 рейсі кешікті", - делінген хабарламада.

Әуеайлақты қалың қардан тазалау жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Қазір бұл жұмыстарға 10 арнайы техника жұмылдырылған.
Рейстер туралы ақпаратты Астана халықаралық әуежайының ресми сайтынан nn-airport.kz қарауға болады. Сондай-ақ елорда әуежайында тәулік бойы байланыс орталығы жұмыс істейді: 8(7172)702-999.
Жаңалықтар
0