https://sputnik.kz/20240110/astyq-onimdiligin-50-payyzga-arttyrady-qazaq-galymy-gylymi-zhanalyq-ashty-41459119.html
Астық өнімділігін 50 пайызға арттырады: Қазақ ғалымы ғылыми жаңалық ашты
Астық өнімділігін 50 пайызға арттырады: Қазақ ғалымы ғылыми жаңалық ашты
Sputnik Қазақстан
Бүгінде әлемнің көптеген елінде ашаршылық қаупі төніп тұр. Шымкенттік ғалым осы тығырықтан шығудың жолын тапты 10.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-10T08:27+0500
2024-01-10T08:27+0500
2024-01-10T08:27+0500
астық
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38579236_0:166:3053:1883_1920x0_80_0_0_387f0e71976ab65aeccd787e7713a5dc.jpg
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Шымкенттік ғалым, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, профессор Әбдімәлік Әшіров ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 50 пайызға арттыратын жобаны жүзеге асырып жатыр, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.Биорезонансты жолмен активтендірілген дәндер арнайы құрылғының көмегімен өнімділікті арттырып қана қоймай, сапасының жоғарылауына да әсер етеді.Аталмыш зерттеу "Ғылым қоры" АҚ ұйымдастырған 2018-2020 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша "Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын алдын ала өңдеу" ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыруға арналған Грантқа ие болған.Бұған дейін Әбдімәлік Әшіровтің ашқан ғылыми жаңалығы сегіз елде сынақтан өтіп үлгерген. Ол Қазақстанның бірқатар аймақтарында өндіріске енгізілген. Кембридж университетінде (Англия) 2016 жылы таныстырылымы өткен және 2017 жылы Forbes журналының нұсқасы бойынша үздік 10 инновациялық жобаның қатарына енді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/13/38579236_82:0:2813:2048_1920x0_80_0_0_5346af89dd30f7f6684902bb76b2a4f0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық
Астық өнімділігін 50 пайызға арттырады: Қазақ ғалымы ғылыми жаңалық ашты
Бүгінде әлемнің көптеген елінде ашаршылық қаупі төніп тұр. Шымкенттік ғалым осы тығырықтан шығудың жолын тапты
АСТАНА, 10 қаңтар – Sputnik. Шымкенттік ғалым, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы ОҚПУ ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі, профессор Әбдімәлік Әшіров ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 50 пайызға арттыратын жобаны жүзеге асырып жатыр, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.
Биорезонансты жолмен активтендірілген дәндер арнайы құрылғының көмегімен өнімділікті арттырып қана қоймай, сапасының жоғарылауына да әсер етеді.
Аталмыш зерттеу "Ғылым қоры" АҚ ұйымдастырған 2018-2020 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша "Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын алдын ала өңдеу" ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыруға арналған Грантқа ие болған.
"Ауылшаруашылығы саласында дақылдың өнімділігін арттыру үшін көптеген зерттеу бар. Алайда бұл әдістің басты ерекшелігі – экологияға зиян келмейді, өнім мутациялық өзгерістерге ұшырамайды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін Әбдімәлік Әшіровтің ашқан ғылыми жаңалығы сегіз елде сынақтан өтіп үлгерген. Ол Қазақстанның бірқатар аймақтарында өндіріске енгізілген. Кембридж университетінде (Англия) 2016 жылы таныстырылымы өткен және 2017 жылы Forbes журналының нұсқасы бойынша үздік 10 инновациялық жобаның қатарына енді.