Ақмола облысында 16 ресейлік азамат құтқарылды

© Photo : "КазАвтоЖол"Метель
Метель - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2024
Жазылу
Оның біреуі – 6 жасар бала
АСТАНА, 10 қаңтар - Sputnik. Ақмола облысында полицейлер тасжолда бұзылып қалған автобустан 16 ресейлік азамат эвакуациялады, деп хабарлайды Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
"10 қаңтарда Астана-Петропавл тасжолында патруль қызметкерлері Айбол Қабдуалиев мен Илья Қабдуалиев жол жиегінде қалған Ресейлік нөмірдегі Hyundai маркалы автобусты байқаған", -делінген полиция хабарламасында.
Жүргізушінің айтуынша, олар Екатеринбургтен Қарағандыға бара жатқан.
"Автобус ішіндегі 16 адам тоңып қалған, оның біреуі – 6 жасар бала. Жылыну үшін баланы дереу полиция қызметінің көлігіне отырғызған", - деп атап өттіполиция.
Автобус жақын жердегі жылу пунктіне жеткізілді.
Ал инспекторлар автобусты жөндеуге сүйреп апарған.
Жаңалықтар
0