https://sputnik.kz/20240109/zhalpyga-birdey-deklaratsiya-533-adamnyn-sheteldik-bankterde-1135-mlrd-tengesi-zhatyr-41450558.html
Жалпыға бірдей декларация: 533 адамның шетелдік банктерде 113,5 млрд теңгесі жатыр
Жалпыға бірдей декларация: 533 адамның шетелдік банктерде 113,5 млрд теңгесі жатыр
Sputnik Қазақстан
Екі мыңнан аса азаматтың 52 елде жылжымайтын мүлкі бар 09.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-09T16:54+0500
2024-01-09T16:54+0500
2024-01-09T16:54+0500
жалпыға бірдей декларация
банк
https://sputnik.kz/img/old/898/33/8983373_0:886:1445:1699_1920x0_80_0_0_a99b1cafb8e69cd733f2027a8c7b6e41.jpg
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов шетелде қанша қазақстандықтың ақшасы мен мүлігі бар екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Вице-министр жалпыға бірдей декларацияның екі кезеңінің қорытындысын жариялады. Декларацияны мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері тапсырған болатын.Сондай-ақ 2005 азамат 52 елде 2483 жылжымайтын мүлкі бар екенін көрсеткен. Нысандардың көбі Ресей, Түркия және Әзербайжанда. 916 қазақстандық 55 елде 1017 автокөлігін тіркеген.Бұдан бөлек 97 азаматтың 122 заңды тұлғада үлесі бар. Негізінен бұл Ресей, Қырғызстан, АҚШ елдері.Баспасөз мәслихатында журналистер вице-министрдің декларациясы жайлы да сұрады. Ержан Біржанов жалпы ауданы 74,5 шаршы метр үш бөлмелі пәтері мен 2017 жылғы BMW көлігін көрсеткенін мәлімдеді.Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылдан бастап саяси қызметкерлердің декларациясы жарияланады. Бірақ бәрінікі емес. Декларациясы құпия қалатын тұлғалар тізімі бар.Биыл 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың басшылары да декларация тапсырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/898/33/8983373_0:590:1445:1674_1920x0_80_0_0_dd68ab86181b8f70d1dc91cecdca44f3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалпыға бірдей декларация , банк
жалпыға бірдей декларация , банк
Жалпыға бірдей декларация: 533 адамның шетелдік банктерде 113,5 млрд теңгесі жатыр
Екі мыңнан аса азаматтың 52 елде жылжымайтын мүлкі бар
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов шетелде қанша қазақстандықтың ақшасы мен мүлігі бар екенін айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министр жалпыға бірдей декларацияның екі кезеңінің қорытындысын жариялады. Декларацияны мемлекеттік қызметкерлер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері тапсырған болатын.
"Оның қорытындысы бойынша 533 қазақстандықтың 58 елде шетелдік банктерде шоты бар. Ақшаның жалпы сомасы 113,5 млрд теңгені құрайды. Бұл Ресей, АҚШ, Франция және тағы басқа", - деді Біржанов үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ 2005 азамат 52 елде 2483 жылжымайтын мүлкі бар екенін көрсеткен. Нысандардың көбі Ресей, Түркия және Әзербайжанда. 916 қазақстандық 55 елде 1017 автокөлігін тіркеген.
Бұдан бөлек 97 азаматтың 122 заңды тұлғада үлесі бар. Негізінен бұл Ресей, Қырғызстан, АҚШ елдері.
Баспасөз мәслихатында журналистер вице-министрдің декларациясы жайлы да сұрады. Ержан Біржанов жалпы ауданы 74,5 шаршы метр үш бөлмелі пәтері мен 2017 жылғы BMW көлігін көрсеткенін мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, 2025 жылдан бастап саяси қызметкерлердің декларациясы жарияланады. Бірақ бәрінікі емес. Декларациясы құпия қалатын тұлғалар тізімі бар.
Биыл 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың басшылары да декларация тапсырады.