https://sputnik.kz/20240109/totenshe-zhagdaylar-ministrligi-su-tasqyny-kezenine-dayyndalyp-zhatyr-41440417.html
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны кезеңіне дайындалып жатыр
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны кезеңіне дайындалып жатыр
Sputnik Қазақстан
Су тасқыны ушыққан жағдайда жедел әрекет ету үшін 39 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың техника жұмылдырылады 09.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-09T11:01+0500
2024-01-09T11:01+0500
2024-01-09T11:01+0500
су тасқыны
https://sputnik.kz/img/old/1164/72/11647293_0:159:3077:1890_1920x0_80_0_0_be36dd755420ede49eead698ef74d05a.jpg
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, Қазгидрометтің алдын ала болжамына сәйкес, еліміздің көптеген өңірінде қаңтар және ақпан айларында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2С жоғары болады. Жауын шашын мөлшері де нормадан көп күтіліп отыр."Бұл ретте 5 өңірдегі аумақта қардың түсуі 70%-ке дейін, 12 өңірде 90%-тен астам болуы мүмкін. Сондықтан оңтүстік өңірлерге былтырғы ақпан айындағы су тасқынын ескере отырып, ал солтүстік өңірлерге желтоқсан айында температураның күрт төмендеуіне және қар жамылғысының болмауына байланысты топырақтың терең қату ықтималдығы бар, осыған орай осы өңірлер қазірдің өзінде жоғары дайындық режиміне өтуі керек", - деді Шәріпханов үкімет отырысында.Министрдің ақпаратынша, су тасқыны ушыққан жағдайда жедел әрекет ету үшін 39 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу құралы және 3 мыңнан астам мотопомпасы бар азаматтық қорғаудың арнайы топтары жұмылдырылады.Күштер мен құралдарды жедел тасымалдау, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау жағдайында "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемелері тұрақты дайындықта болады. Құтқару операцияларына қатысуға Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері де дайын.Сондай-ақ, азаматтардың "Қауіпсіздік мәдениетін" арттыруға ерекше назар аударылады.Биыл 5 ақпан мен 5 наурыз аралығында "Қазгидромет" алдын ала және нақты болжамдар ұсынады. Оларды ескере отырып, уақтылы тасымалдау үшін күштер мен құралдар топтамасы түзетіліп және қажет болған жағдайда резервтік топтар енгізіледі, деп атап өтті ведомство басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1164/72/11647293_173:0:2904:2048_1920x0_80_0_0_5924753b303f2422bcc767c8ff09f461.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны
Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқыны кезеңіне дайындалып жатыр
Су тасқыны ушыққан жағдайда жедел әрекет ету үшін 39 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың техника жұмылдырылады
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды S
putnik Қазақстан тілшісі.
Айтуынша, Қазгидрометтің алдын ала болжамына сәйкес, еліміздің көптеген өңірінде қаңтар және ақпан айларында ауа температурасы климаттық нормадан 1-2С жоғары болады. Жауын шашын мөлшері де нормадан көп күтіліп отыр.
"Бұл ретте 5 өңірдегі аумақта қардың түсуі 70%-ке дейін, 12 өңірде 90%-тен астам болуы мүмкін. Сондықтан оңтүстік өңірлерге былтырғы ақпан айындағы су тасқынын ескере отырып, ал солтүстік өңірлерге желтоқсан айында температураның күрт төмендеуіне және қар жамылғысының болмауына байланысты топырақтың терең қату ықтималдығы бар, осыған орай осы өңірлер қазірдің өзінде жоғары дайындық режиміне өтуі керек", - деді Шәріпханов үкімет отырысында.
Министрдің ақпаратынша, су тасқыны ушыққан жағдайда жедел әрекет ету үшін 39 мыңнан астам адам, шамамен 11 мың бірлік техника, 500-ден астам жүзу құралы және 3 мыңнан астам мотопомпасы бар азаматтық қорғаудың арнайы топтары жұмылдырылады.
Күштер мен құралдарды жедел тасымалдау, сондай-ақ зардап шеккен халықты шұғыл эвакуациялау жағдайында "Қазавиақұтқару" АҚ әуе кемелері тұрақты дайындықта болады. Құтқару операцияларына қатысуға Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері де дайын.
Сондай-ақ, азаматтардың "Қауіпсіздік мәдениетін" арттыруға ерекше назар аударылады.
Биыл 5 ақпан мен 5 наурыз аралығында "Қазгидромет" алдын ала және нақты болжамдар ұсынады. Оларды ескере отырып, уақтылы тасымалдау үшін күштер мен құралдар топтамасы түзетіліп және қажет болған жағдайда резервтік топтар енгізіледі, деп атап өтті ведомство басшысы.