Қазақстанның қаржы вице-министрінің қандай дүние-мүлкі бар

© Служба центральных коммуникаций при президенте РКЕржан Биржанов
Ержан Биржанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2024
Жазылу
Келесі жылдан бастап барлық мемлекеттік қызметшілер меншік туралы декларация тапсырады
АСТАНА, 9 қаңтар - Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жалпыға бірдей декларация аясында қандай мүлікті көрсеткенін айтты.
Брифинг барысында журналистер шенеуніктің шотында қандай активтер барын сұрады. Біржанов алдымен салық заңнамасының қолданыстағы нормаларын айтып, тікелей жауап бермеді.
"Заңға сәйкес, саяси мемлекеттік қызметшілер декларацияларды 2025 жылдың бірінші қаңтарынан бастап жариялауы тиіс. Өзіме қатысты, мен кіру декларациясында меншік құқығында өзіме тиесілі үш бөлмелі пәтерді, автокөлік құралын жаздым", - деді Біржанов.
Вице-министрдің айтуынша, машинасы "керемет емес".
"2017 жылғы BMW машинасы, Қазақстан шығарған костюм, тіпті этикетканы да көрсете аламын. Менің аяқ киімім де қазақстандық", - деді ол.
Біржанов пәтерінің жалпы ауданы 74,5 шаршы метр екенін айтты, бірақ қазіргі нарықтық құнын білмейді. Тұрғын үй құнын уәкілетті орган бағалайды, деп түсіндірді Біржанов. Вице-министр салықты уақтылы төлейтінін айтты.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды, ол бизнесмендерді, олардың жұбайларын, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің басшылары мен құрылтайшыларын қамтиды. Декларацияға қандай мүлікті енгізу міндетті және бұзушыларға не қауіп төндіреді – Sputnik Қазақстан анықтамасында біле аласыз.
2025 жылдан бастап Қазақстанда мемлекеттік саяси қызметшілер декларация жариялай бастайды. Бірақ бәрі емес. Декларациялары құпия болып қалатын адамдар тізімі де бар.
Жаңалықтар
0