https://sputnik.kz/20240109/politsiya-men-antikor-elordaga-esirtki-zhetkizushilerdi-ustady-41433054.html
Полиция мен Антикор елордаға есірткі жеткізушілерді ұстады
Полиция мен Антикор елордаға есірткі жеткізушілерді ұстады
Sputnik Қазақстан
Павлодар облысының тұрғынын тінту кезінде 4,8 кг мефедрон салынған 16 полиэтилен пакет тәркіленді 09.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-09T07:56+0500
2024-01-09T07:56+0500
2024-01-09T07:56+0500
есірткі
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Елорда полиция департаментінің қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, Алматыдан Астанаға синтетикалық есірткі жеткізіп келген екі адамды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.6 қаңтарда Астана қаласында логистикалық компания арқылы есірткінің ірі партиясын алу кезінде Павлодар облысының тұрғыны ұсталды. Оның автокөлігін тінту кезінде 4,8 кг мефедрон салынған 16 полиэтилен пакет, электронды таразы және 500 дана zip-пакет тәркіленді.Бір мезгілде Алматы қаласында есірткі жөнелтуші құрықталды. Оның пәтерін тінту барысында есірткі заты бар бес пластмасса контейнер, екінші деңгейлі банктердің төлем карталары, 1,3 млн теңге көлемінде қаражат және электронды таразы тәркіленді."Осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.
https://sputnik.kz/20240108/astanada-ustalgan-kurer-15-zhylga-sottaluy-mumkin-41424377.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
есірткі
Полиция мен Антикор елордаға есірткі жеткізушілерді ұстады
Павлодар облысының тұрғынын тінту кезінде 4,8 кг мефедрон салынған 16 полиэтилен пакет тәркіленді
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Елорда полиция департаментінің қызметкерлері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, Алматыдан Астанаға синтетикалық есірткі жеткізіп келген екі адамды ұстады, деп хабарлады
Polisia.kz. 6 қаңтарда Астана қаласында логистикалық компания арқылы есірткінің ірі партиясын алу кезінде Павлодар облысының тұрғыны ұсталды. Оның автокөлігін тінту кезінде 4,8 кг мефедрон салынған 16 полиэтилен пакет, электронды таразы және 500 дана zip-пакет тәркіленді.
Бір мезгілде Алматы қаласында есірткі жөнелтуші құрықталды. Оның пәтерін тінту барысында есірткі заты бар бес пластмасса контейнер, екінші деңгейлі банктердің төлем карталары, 1,3 млн теңге көлемінде қаражат және электронды таразы тәркіленді.
"Осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандарға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – деді ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Сарқытбай Құсайынов.