Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киев АҚШ әскерінің Украинаға кіргенін қаламайды – Хейли

© AFP 2024 / SPENCER PLATTВашингтондағы Капитолия ғимараты, архивтегі фото
Вашингтондағы Капитолия ғимараты, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.01.2024
Жазылу
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. АҚШ-қа Украинаға өз әскерін жіберудің қажеті жоқ, Киев те мұны қаламайды. Бұл туралы Республикалық партиядан Америка президенті лауазымына кандидат және БҰҰ-дағы бұрынғы тұрақты өкіл Никки Хейли Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп жазды РИА Новости.
"Мен Украинаға әскер жіберудің қажеті жоқ деп ойлаймын", - деді ол. Оның айтуынша, Киев те мұны қаламайды.
Хейли Украинаға көмектесудің қажеттігі туралы мәселе орынды деп санайтынын атап өтті. Оның пікірінше, егер америкалықтар Киевті қолдау едәуір ауқымды әскери қақтығыстың алдын алуға көмектесетінін түсінсе, олар көбірек қолдау білдірер еді.
"Мен бұған Байденді кінәлаймын. Ол америкалықтарға мұны не үшін істеп жатқанымызды, Украинаның тағдырына неліктен алаңдайтынымызды үнемі айтып отыруы керек еді", - деді Хейли.
АҚШ Конгресі Ақ үйдің Киевке жаңа көмек көрсету туралы өтінішімен келіспеді, әкімшілік заң шығарушылардың рұқсатынсыз Украинаға қару-жарақ жібере алмайтынын мәлімдеді.
Ақ үйдің Украина мен Израильге көмек көрсету туралы өтінішіне Конгрестің осы уақытқа дейін келісім бермеуіне көші-қонға қатысты даулар басты себеп болды.
Республикалық оппозиция Байденнің тәсілі шекараны "ашық" қалдырғанын айтты. Соңғы айларда шекараны кесіп өткен заңсыз иммигранттардың саны артқан: желтоқсан айының соңында патрульдер күніне 10 мың немесе одан да көп мигрантты тіркеген.
Ресей бұған дейін НАТО елдеріне Украинаға қару-жарақ жеткізуге байланысты нота жолдады. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаға арналған қаруы бар кез келген жүк Ресей үшін заңды нысанаға айналатынын айтты.
Жаңалықтар
0