https://sputnik.kz/20240109/elimizde-30-mynga-zhuyq-qazaqstandyq-qyzylsha-zhuqtyrgan-onyn-80-i--balalar-41436118.html
Елімізде 30 мыңға жуық қазақстандық қызылша жұқтырған, оның 80%-і – балалар
Елімізде 30 мыңға жуық қазақстандық қызылша жұқтырған, оның 80%-і – балалар
Sputnik Қазақстан
Жаңа жылдан бері қызылша жұқтырған 1674 адам тіркелді 09.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-09T09:40+0500
2024-01-09T09:40+0500
2024-01-09T09:40+0500
қызылша
https://sputnik.kz/img/07e6/01/04/19044826_0:0:963:541_1920x0_80_0_0_bf1559746ca6d509cf7f8bbdb4086439.jpg
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Былтыр елімізде 29 648 қазақстандық қызылша жұқтырған, оның сексен пайызы – 14 жасқа толмаған балалар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министр соңғы 15 жылдың ішінде республикада 3 рет қызылша ауруы өршігенін еске салды. Аурудың кезекті ушығуы 2023 жылы басталды.Айтуынша, желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда 11 өңірде сырқаттану көрсеткіші өскен. 6 өңірде – Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан Қарағанды, Жетісу, Түркістан облыстарында аурудың тұрақталғаны байқалды. Ал үш өңірде – Шымкент қаласы Жамбыл және Ұлытау облыстарында инфекция жұқтыру деңгейі төмендеген.Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында былтыр осы ауруға қарсы жоспарлы вакцинациялау жүргізілді. Бір жастағы және алты жастағы 700 мыңға жуық бала егілді.Қыркүйекте үкімет резервінен қаражат бөлініп, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинаның 1,5 млн дозасы сатып алынды. Қараша айынан бастап аталған инфекцияларға қарсы қосымша вакцинациялау жүргізіліп жатыр.Ғиният қазір еліміздің көптеген өңірінде қосымша иммундаудың оң динамикасы байқалатынын атап өтті. Мысалы, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында тиісті контингенттің 70%-дан астамы қосымша вакцина алған.Сонымен қатар 7 өңірде – Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында қамту деңгейі әлі де төмен, бұл өңірлерде қамту 55%-тен аз.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/04/19044826_36:0:757:541_1920x0_80_0_0_bd1c87427930713683ea9a9a38d38834.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қызылша
Елімізде 30 мыңға жуық қазақстандық қызылша жұқтырған, оның 80%-і – балалар
Жаңа жылдан бері қызылша жұқтырған 1674 адам тіркелді
АСТАНА, 9 қаңтар – Sputnik. Былтыр елімізде 29 648 қазақстандық қызылша жұқтырған, оның сексен пайызы – 14 жасқа толмаған балалар. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр соңғы 15 жылдың ішінде республикада 3 рет қызылша ауруы өршігенін еске салды. Аурудың кезекті ушығуы 2023 жылы басталды.
"2023 жылдың соңында елде қызылшаның 29 648 жағдайы тіркелді, оның 80%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Биыл 1 қаңтардан бері 1674 адам қызылша жұқтырды", - деді Ғиният үкімет отырысында.
Айтуынша, желтоқсан айында қарашамен салыстырғанда 11 өңірде сырқаттану көрсеткіші өскен. 6 өңірде – Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан Қарағанды, Жетісу, Түркістан облыстарында аурудың тұрақталғаны байқалды. Ал үш өңірде – Шымкент қаласы Жамбыл және Ұлытау облыстарында инфекция жұқтыру деңгейі төмендеген.
Қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру мақсатында былтыр осы ауруға қарсы жоспарлы вакцинациялау жүргізілді. Бір жастағы және алты жастағы 700 мыңға жуық бала егілді.
Қыркүйекте үкімет резервінен қаражат бөлініп, қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы вакцинаның 1,5 млн дозасы сатып алынды. Қараша айынан бастап аталған инфекцияларға қарсы қосымша вакцинациялау жүргізіліп жатыр.
"Бүгінгі таңда қосымша вакцинация аясында 930 мыңнан астам адам егілді, барлық жоспардан 62% қамтылды, күн сайын 20 мыңнан астам адам егілуде", - деді министр.
Ғиният қазір еліміздің көптеген өңірінде қосымша иммундаудың оң динамикасы байқалатынын атап өтті. Мысалы, Жетісу, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында тиісті контингенттің 70%-дан астамы қосымша вакцина алған.
Сонымен қатар 7 өңірде – Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында қамту деңгейі әлі де төмен, бұл өңірлерде қамту 55%-тен аз.