Қазақстанға тұрақты экономикалық өсу үшін қанша инвестиция қажет екенін ғалымдар анықтайды
© Sputnik / Владислав ВодневНациональный банк Казахстана
© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
Ұлттық банк ел экономикасын дамыту үшін инвестициялардың тартымдылығы мен тиімділігін зерттеуге бағытталған ғылыми зерттеулерге арналған гранттар конкурсын жариялады
АСТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. Қазақстан Ұлттық банкі экономика саласында зерттеулер жүргізіп жатқан ғалымдарға жүгінді.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 9 қаңтар мен 22 ақпан аралығында жалғасады.
Бұл ретте еліміздің бас банкі гранттар бөлетін басым бағыттарды жариялады:
төлемдер мен аударымдардың құнын талдау (қолма-қол ақшасыз құралдар және қолма-қол ақша айналымы), оны оңтайландыру шаралары;
Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуіне қол жеткізу үшін инвестициялардың оңтайлы деңгейі.
Ұлттық банк талаптарға сай келетін заңды тұлғалармен біріккен ғалымдар ұжымы конкурсант бола алатынын айтты.
1. Олар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыру саласындағы қызметті, зерттеу, ғылыми қызметпен немесе деректерді жинау, сақтау және (немесе) өңдеу жөніндегі қызметпен, оның ішінде сауалнамалар жүргізу, деректерді интеграциялау жолымен жүзеге асырады;
2. Олар тарату немесе банкроттық процесіне жатпайды.
"Ұлттық банк өтінімдерді қарау қортындысы негізінде бір зерттеу тақырыбы бойынша бірнеше грант беру не кейбір зерттеу тақырыптарын грантсыз қалдыру құқығын өзіне қалдырады", - деп атап өтті банкте.
Конкурстық құжаттамада зерттеу тақырыптарының тізімі, зерттеулерге қойылатын талаптар, ізденушілерді іріктеу шарттары, Ұлттық банктің бөлімшелеріндегі жауапты тұлғалардың байланыс деректері ұсынылған, делінген хабарламада.
Қазақстанда тарифтер қанша тұрады
Бірінші тақырып бойынша зерттеудің мақсаттары:
төлем құралдары мен қызметтердің түрлері, сегменттері тұрғысынан қолданыстағы тарифтерді, динамиканы және олардың деңгейін құрылымдық талдау.
басқа елдермен тарифтерді салыстырмалы талдау және олардың тарифтерді оңтайландыру тәжірибесі.
инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, мемлекет тарапынан өзіндік құны мен шараларын төмендету жөніндегі ұсыныстар.
Сапасы мен саны: инвестиция жұмыс істеуі керек
Екінші тақырып бойынша елдің экономикалық саясатының негізгі міндеттерінің бірі тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу. Мұндай өсудің негізгі қозғаушы күші - инвестициялар.
Сонымен қатар әлемдік тәжірибеде инвестициялардың жеткіліксіздігі проблемасымен қатар экономиканың жекелеген салаларын артық инвестициялау проблемасы бар. Мұнда инвестициялардың өнімді шектері мен саланың капиталды сіңіру қабілеті асып түседі. Яғни, әрбір қосымша инвестиция экономикалық өсуге азырақ үлес қосады.
"Ұзақ мерзімді өсуді қамтамасыз ету үшін экономикаға инвестициялардың оңтайлы деңгейі қандай болуы тиіс? Экономикалық өсу сапалы болуы үшін оларды салаларға қалай дұрыс бөлуге болады? Экономиканың ерекшелігі мен салалардың қажеттіліктерін ескере отырып, оңтайлы технологиялық құрылым қандай?"- зерттеу сұрақтары тұжырымдалған.
Ізденушілердің өтінімдері Ұлттық банктің порталы арқылы электрондық түрде қабылданады. Онда ізденушінің бірінші басшысының немесе ізденуші өкілінің сенімхаты негізінде уәкілдің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталу керек.
Конкурсқа қатысты сұрақтар туындаған жағдайда мына электрондық мекенжайларға хабарласуыңызды сұраймыз: esaphieva@nationalbank.kz, Kamilla.J@nationalbank.kz, делінген хабарламада.