https://sputnik.kz/20240108/qazaqstanda-roli-on-zhaqta-ornalasqan-kolikterdi-akeluge-tyyym-salyndy-41417876.html
Қазақстанда рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынды
Қазақстанда рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынды
Sputnik Қазақстан
Тыйым Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың кейбір тармақтарына сәйкес енгізіледі 08.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-08T11:49+0500
2024-01-08T11:49+0500
2024-01-08T12:18+0500
көлік
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e8/01/08/41415167_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_d7046c52481fd0e51ba462af991534d8.jpg
АСТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" порталында жарияланған индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес Қазақстанда алты айға рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынды.Министрліктің хабарлауынша, бұйрық "Сауда қызметін реттеу туралы" ҚР Заңының 17 және 18-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес қабылданған.Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіБұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 16 қаңтардан бастап кұшіне енеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/01/08/41415167_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_7dc936f99b5cd0ff53f66c1c3ec7dda3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көлік, еаэо
Қазақстанда рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынды
11:49 08.01.2024 (жаңартылды: 12:18 08.01.2024) Тыйым Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың кейбір тармақтарына сәйкес енгізіледі
АСТАНА, 8 қаңтар - Sputnik. "Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" порталында жарияланған индустрия және құрылыс министрінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығына сәйкес Қазақстанда алты айға рөлі оң жақта орналасқан көліктерді әкелуге тыйым салынды.
Министрліктің хабарлауынша, бұйрық "Сауда қызметін реттеу туралы" ҚР Заңының 17 және 18-баптарына, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29 және 47-баптарына сәйкес қабылданған.
"Рөлі оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдерді Қазақстан Республикасның аумағына бөлшектелген түрде алты ай мерзімге әкелуге тыйым салу енгізілсін", - делінген құжатта.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
1.
Мемлекеттік кірістер комитетіне шекара қызметімен өзара іс-қимыл кезінде осы мәселе бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;
2.
Темір жол және су көлігі комитеті мен "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ-ға тыйым салуды қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы;
3.
Сауда және интеграция министрлігіне Еуразиялық экономикалық комиссиясын тыйымның енгізілгені туралы хабарлау қажеттілігі туралы хабардар етуі тиіс.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, яғни 16 қаңтардан бастап кұшіне енеді.