https://sputnik.kz/20240108/pavlodarda-sheneunikterdin-qate-esebinen-kasipkerler-90-mln-tenge-shygynga-ushyrady-41422257.html
Павлодарда шенеуніктердің қате есебінен кәсіпкерлер 90 млн теңге шығынға ұшырады
Павлодарда шенеуніктердің қате есебінен кәсіпкерлер 90 млн теңге шығынға ұшырады
Sputnik Қазақстан
Білім басқармасы басшысының орынбасары жауапқа тартылды 08.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-08T12:38+0500
2024-01-08T12:38+0500
2024-01-08T12:38+0500
өңірлер
павлодар облысы
кәсіпкер
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32553835_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_fce52c44e7da96f5e542015262126ac1.jpg
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысында білім басқармасы бюджетке өтінім жасау барысында есептеулерді қате жүргізіп, салдарынан кәсіпкерлерге 90 млн теңге шығын келді.Облыстық прокуратура мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі шарттардың орындалуына талдау жүргізген. Тексеріс барысында тамақтану сомаларын есептеу Кәсіпкерлік кодекстің, тамақтануды ұйымдастыру ережелерінің, салық және бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып жүргізілгені анықталды.Салдарынан қоғамдық тамақтану саласында қызметті жүзеге асыратын 33 шаруашылық субъектісінің құқығы бұзылған.Қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру практикасы қайта қаралды. Кәсіпкерлерге 90 млн теңге көлемінде негізсіз ұсталған ҚҚС сомасы төленді. Жіберілген заңбұзушылықтар үшін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
https://sputnik.kz/20231124/almatyda-mektep-bukhgalteri-46-mln-tenge-zhymqyrdy-40389579.html
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/1c/32553835_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_c69036a97063a136ffb5730e3b795f8f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, кәсіпкер
павлодар облысы, кәсіпкер
Павлодарда шенеуніктердің қате есебінен кәсіпкерлер 90 млн теңге шығынға ұшырады
Білім басқармасы басшысының орынбасары жауапқа тартылды
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысында білім басқармасы бюджетке өтінім жасау барысында есептеулерді қате жүргізіп, салдарынан кәсіпкерлерге 90 млн теңге шығын келді.
Облыстық прокуратура мектептерде тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі шарттардың орындалуына талдау жүргізген. Тексеріс барысында тамақтану сомаларын есептеу Кәсіпкерлік кодекстің, тамақтануды ұйымдастыру ережелерінің, салық және бюджет заңнамасының талаптарын бұза отырып жүргізілгені анықталды.
"Білім басқармасы бюджеттік өтінімдерді жасау барысында мектептегі бір реттік тамақтану құнының есебіне қосымша құн салығы ставкасын (12%) назарға алмаған. Тамақтануды ұйымдастырғаны үшін төлем салықты шегере отырып жүргізілген, яғни бір оқушыға 450 теңгенің орнына 402 теңге төлеген", - дейді прокуратурадағылар.
Салдарынан қоғамдық тамақтану саласында қызметті жүзеге асыратын 33 шаруашылық субъектісінің құқығы бұзылған.
Қадағалау актісі бойынша бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру практикасы қайта қаралды. Кәсіпкерлерге 90 млн теңге көлемінде негізсіз ұсталған ҚҚС сомасы төленді.
Жіберілген заңбұзушылықтар үшін облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.