https://sputnik.kz/20240108/esp-endi-zhoq-ozin-ozi-zhumyspen-qamtygan-azamattar-ne-isteydi-41415708.html
ЕСП енді жоқ: өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар не істейді
ЕСП енді жоқ: өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар не істейді
Sputnik Қазақстан
Бірыңғай жиынтық төлемді қолдану кезеңі 31 желтоқсанда аяқталды 08.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-08T09:40+0500
2024-01-08T09:40+0500
2024-01-08T09:40+0500
қоғам
бірыңғай жиынтық төлем
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15612987_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_01974bb5d0dc6605c7afe20656a9f18e.jpg
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті жаңа жылға дейін бірыңғай жиынтық төлем төлеп келгендер не істеуі керек екенін айтты.Бірыңғай жиынтық төлем тек жеке тұлғаларға қызмет көрсеткен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілген болатын. БЖТ қолдану кезеңі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды.МӘМС төлеуден декреттік демалыстағы әйелдер, көпбалалы аналар және тағы басқа азаматтар босатылады, олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.Ал егер азамат кәсіпкерлік қызметін жалғастыра берсе, онда жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзіне ыңғайлы салық салу режимін – патентті (салық ставкасы 1%), оңайлатылған декларацияны (салық ставкасы 3%), бөлшек салық режимін (салық ставкасы 4%) таңдауы керек.Салық режимін E-salyq Business мобильді қосымшасы арқылы таңдауға болады. Онда салық пен әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі және төленеді, деп атап өтті МКК.Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдердің ең төменгі айлық сомасы 17 425 теңгені құрайды (міндетті зейнетақы жарналары – 8500 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2975 теңге, МӘМС жарналары – 5950 теңге).
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1e/15612987_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_5ccec6861708b61c2a8e1c37676c7842.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бірыңғай жиынтық төлем
ЕСП енді жоқ: өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар не істейді
Бірыңғай жиынтық төлемді қолдану кезеңі 31 желтоқсанда аяқталды
АСТАНА, 8 қаңтар – Sputnik. Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті жаңа жылға дейін бірыңғай жиынтық төлем төлеп келгендер не істеуі керек екенін айтты.
Бірыңғай жиынтық төлем тек жеке тұлғаларға қызмет көрсеткен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) уақытша енгізілген болатын. БЖТ қолдану кезеңі 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталды.
"2024 жылғы 1 қаңтардан бастап егер азамат кәсіпкерлік қызметпен айналыспаса, онда ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды (ай сайын 4250 теңге) дербес төлей алады. Бұл медициналық көмек алу үшін медициналық мекемелерге жүгінуге мүмкіндік береді", - деді комитеттегілер.
МӘМС төлеуден декреттік демалыстағы әйелдер, көпбалалы аналар және тағы басқа азаматтар босатылады, олар үшін жарнаны мемлекет төлейді.
Ал егер азамат кәсіпкерлік қызметін жалғастыра берсе, онда жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, өзіне ыңғайлы салық салу режимін – патентті (салық ставкасы 1%), оңайлатылған декларацияны (салық ставкасы 3%), бөлшек салық режимін (салық ставкасы 4%) таңдауы керек.
Салық режимін E-salyq Business мобильді қосымшасы арқылы таңдауға болады. Онда салық пен әлеуметтік төлемдер автоматты түрде есептеледі және төленеді, деп атап өтті МКК.
Бұл жағдайда әлеуметтік төлемдердің ең төменгі айлық сомасы 17 425 теңгені құрайды (міндетті зейнетақы жарналары – 8500 теңге, әлеуметтік аударымдар – 2975 теңге, МӘМС жарналары – 5950 теңге).