Жапонияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 128-ге жетті

© AFP 2024 / STRЗемлетрясение в Японии, 3 января 2024 года
Землетрясение в Японии, 3 января 2024 года - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2024
Жазылу
560 адам жараланып, 222 адам ұшты-күйлі жоқ
АЛМАТЫ, 7 қаңтар - Sputnik. Жапонияның Исикава префектурасында Ното түбегіндегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 128-ге дейін өсті, деп хабарлады РИА Новости Киодо агенттігіне сілтеме жасап.
Соңғы мәліметтер бойынша, 560 адам жараланып, тағы 222 адам хабар-ошарсыз кетті.
2024 жылдың 1 қаңтарында Жапонияның батыс жағалауындағы Исикава префектурасының Ното түбегінде бірнеше рет ірі жер сілкіністері болды, олардың ең күштісі 7,6 балл.
Жер сілкінісі елдің бүкіл батыс жағалауында цунами қаупін төндірді. 2011 жылдан бері алғаш рет үлкен цунами қаупі жарияланды. Ал жағалаудағы бірқатар жерлерде цунамидің биіктігі 4,2 метрге жетті.
Кеше жер сілкінісінен 124 сағат өткен соң, осы аймақтағы Сузу қаласындағы қирандылар астынан 90 жастағы әйел аман-есен табылды.
1370-тен астам үй ішінара немесе толығымен қирады. Исикава префектурасында 66 мың үй жарықсыз, 23,9 мыңнан астам үй сусыз қалды. 357 эвакуациялық пункт ашылды, эвакуацияланғандар саны 30,7 мыңнан асады. Зілзала орнында өзін-өзі қорғау күштерінің 5400 қызметкері жұмыс істейді.
Айта кетейік, күні кеше зілзаладан 100 адам қайтыс болғаны және зардап шеккен елді мекендерге гуманитарлық көмек жеткізу қиындап тұрғаны айтылған болатын.
Жаңалықтар
0