Тоқаев православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.01.2024
Жазылу
Православие мызғымас рухани құндылықтарды орнықтыру, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру және халқымыздың сан қырлы тарихи-мәдени мұрасын сақтау жолында маңызды рөл атқарады, деді президент
АСТАНА, 7 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның барша православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаевбұл мейрамда жоғары адамгершілік қасиеттер кеңінен дәріптеліп, ізгілік пен әділдікті орнықтыра түсуге баса мән берілетінін атапөтті.
"Рождество адамзатты жасампаз әрі мейірімді болуға, жақындарына қамқорлық танытуға және мұқтаж адамдарға қол ұшын созуға үндейді, осы дінге сенетін жандарға үміт пен қуаныш сыйлайды", - деп жазылған құттықтауда.
Президенттің айтуынша, басқа дәстүрлі діндер секілді православие де мызғымас рухани құндылықтарды орнықтыру, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беру және халқымыздың сан қырлы тарихи-мәдени мұрасын сақтау жолында маңызды рөл атқарады. Православие еліміздің дәйекті дамуына қажетті басты шарттың бірі – жалпыұлттық бірлігімізді нығайтуға да ықпал етеді.
"Православиені ұстанатын азаматтарымыз Әділетті Қазақстанды құруға және еңбекқорлыққа, білімпаздыққа, отаншылдыққа, тілектестікке, өзара жауапкершілікке негізделген жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға елеулі үлес қосады деп сенемін", - деп түйіндедімемлекет басшысы.
Жаңалықтар
0