https://sputnik.kz/20240107/otshashudan-bolshektenip-ketken-darigerler-eki-zhasospirimnin-qolyn-aman-alyp-qaldy-41408378.html
"Отшашудан бөлшектеніп кеткен": Дәрігерлер екі жасөспірімнің қолын аман алып қалды
"Отшашудан бөлшектеніп кеткен": Дәрігерлер екі жасөспірімнің қолын аман алып қалды
Sputnik Қазақстан
Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында қазіргі күні отшашудан жараланған 5 бала жатыр 07.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-07T12:39+0500
2024-01-07T12:39+0500
2024-01-07T12:39+0500
отшашу
алматы
https://sputnik.kz/img/419/34/4193413_0:146:3127:1904_1920x0_80_0_0_83a37062ca7c18e7774683ebcbde5a21.jpg
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Алматылық дәрігерлер отшашудан зардап шеккен 13 және 16 жастағы жасөспірімдердің қолын аман алып қалды, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.Отаны Алматы қаласында Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының (БШМКО) травматологтары жасады.4 қаңтарда отшашудан зардап шеккен тағы үш бала жеткізілген. Үшеуінің де жарақаты ауыр. Біреуінің жанарына зақым келген. Ол қазірге ақ жарықты ғана көре алады. Дәрігерлер баланың болашақта нақты көретіні немесе жанарсыз қалатыны туралы болжам жасауға ерте дейді.Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында қазіргі күні отшашудан жараланған 5 бала жатыр. Жалпы 9 бала жүгінген.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/419/34/4193413_197:0:2928:2048_1920x0_80_0_0_8814643fabb747228aa87871f8b35c86.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отшашу, алматы
"Отшашудан бөлшектеніп кеткен": Дәрігерлер екі жасөспірімнің қолын аман алып қалды
Алматыдағы Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында қазіргі күні отшашудан жараланған 5 бала жатыр
АЛМАТЫ, 7 қаңтар – Sputnik. Алматылық дәрігерлер отшашудан зардап шеккен 13 және 16 жастағы жасөспірімдердің қолын аман алып қалды, деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасы.
Отаны Алматы қаласында Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының (БШМКО) травматологтары жасады.
"Екі пациентте аралас жарақаттар болды. Клиника әдісі бойынша ішкі бекітумен сүйек сынықтарын жабық репозициялау, сондай-ақ оң қолдың II саусағының тіндерімен пластика жасалды. Біз қолдарын былайша айтқанда бөліктер бойынша жинадық", - деді Алматы қалалық Балалар шұғыл медициналық көмек орталығының травматологы Кешірме Қуаныш.
4 қаңтарда отшашудан зардап шеккен тағы үш бала жеткізілген. Үшеуінің де жарақаты ауыр. Біреуінің жанарына зақым келген. Ол қазірге ақ жарықты ғана көре алады. Дәрігерлер баланың болашақта нақты көретіні немесе жанарсыз қалатыны туралы болжам жасауға ерте дейді.
Балалар шұғыл медициналық көмек орталығында қазіргі күні отшашудан жараланған 5 бала жатыр. Жалпы 9 бала жүгінген.