https://sputnik.kz/20240106/tokiodagy-ushaq-apaty-qaza-tapqandar-turaly-aqparat-shyqty-41403398.html
Токиодағы ұшақ апаты: қаза тапқандар туралы ақпарат шықты
Токиодағы ұшақ апаты: қаза тапқандар туралы ақпарат шықты
Sputnik Қазақстан
Апат салдарынан теңіздегі қауіпсіздік қызметінің бес қызметкері қаза тапқан болатын 06.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-06T17:47+0500
2024-01-06T17:47+0500
2024-01-06T17:47+0500
әлем
ұшақ
апат
https://sputnik.kz/img/112/28/1122847_0:0:3077:1731_1920x0_80_0_0_7468521f06d29216790b32296b0fd190.jpg
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Токиода екі ұшақтың соқтығысынан қаза тапқан бес адамның екеуі денелері қысылып көз жұмған, деп хабарлайды Киодо агенттігі.Жапонияда жолаушылар ұшағы мен теңіздегі қауіпсіздік қызметінің ұшағы соқтығысқан болатын. Қайтыс болған бес адам да – теңіздегі қауіпсіздік қызметінің қызметкері.Анықталғандай, екі қызметкер денесінің қысылып қалуы салдарынан көз жұмған.Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні Саппородан Токиоға 516 нөмірлі рейсті орындаған JAL авиакомпаниясының Airbus A350 жолаушылар лайнері қону кезінде теңіздегі қауіпсіздік қызметінің ұшағымен соқтығысты. Екінші әуе кемесі ұшуға дайындалып жатқан. Апат салдарынан екі ұшақ та өртеніп кетті.Барлық 379 жолаушы мен экипаж мүшелері JAL әуе кемесінен 18 минут ішінде эвакуацияланды.Теңіздегі қауіпсіздік қызметінің 6 адамынан тек кеме командирі ғана аман қалды.Алдын ала мәліметтер бойынша, диспетчер жолаушылар ұшағына қонуға, ал көлікке бүйірлік жолға шығуға нұсқау берген. Алайда теңіздегі қауіпсіздік қызметі ұшағының экипаж командирі мұны ұшу рұқсаты ретінде қабылдап, ұшу жолағына шығып кеткен. Ал жолаушылар кемесінің экипажы теңіздегі қауіпсіздік қызметінің ұшағын байқамағанын айтып отыр. Тергеу жүріп жатыр.Теңіздегі қауіпсіздік қызметінің ұшағы жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарға көмек көрсету үшін ұшуға дайындалып жатқан.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/112/28/1122847_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_6ee427ad8abb58aaccab67836564e349.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, апат
Токиодағы ұшақ апаты: қаза тапқандар туралы ақпарат шықты
Апат салдарынан теңіздегі қауіпсіздік қызметінің бес қызметкері қаза тапқан болатын
АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. Токиода екі ұшақтың соқтығысынан қаза тапқан бес адамның екеуі денелері қысылып көз жұмған, деп хабарлайды Киодо агенттігі.
Жапонияда жолаушылар ұшағы мен теңіздегі қауіпсіздік қызметінің ұшағы соқтығысқан болатын. Қайтыс болған бес адам да – теңіздегі қауіпсіздік қызметінің қызметкері.
Анықталғандай, екі қызметкер денесінің қысылып қалуы салдарынан көз жұмған.
Естеріңізге сала кетейік, сейсенбі күні Саппородан Токиоға 516 нөмірлі рейсті орындаған JAL авиакомпаниясының Airbus A350 жолаушылар лайнері қону кезінде теңіздегі қауіпсіздік қызметінің ұшағымен соқтығысты. Екінші әуе кемесі ұшуға дайындалып жатқан. Апат салдарынан екі ұшақ та өртеніп кетті.
Барлық 379 жолаушы мен экипаж мүшелері JAL әуе кемесінен 18 минут ішінде эвакуацияланды.
Теңіздегі қауіпсіздік қызметінің 6 адамынан тек кеме командирі ғана аман қалды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, диспетчер жолаушылар ұшағына қонуға, ал көлікке бүйірлік жолға шығуға нұсқау берген. Алайда теңіздегі қауіпсіздік қызметі ұшағының экипаж командирі мұны ұшу рұқсаты ретінде қабылдап, ұшу жолағына шығып кеткен. Ал жолаушылар кемесінің экипажы теңіздегі қауіпсіздік қызметінің ұшағын байқамағанын айтып отыр. Тергеу жүріп жатыр.
Теңіздегі қауіпсіздік қызметінің ұшағы жер сілкінісінен зардап шеккен аудандарға көмек көрсету үшін ұшуға дайындалып жатқан.