https://sputnik.kz/20240106/taldyqorganda-eki-adamdy-bauyzdap-ketti-41401890.html
Талдықорғанда екі адамды бауыздап кетті
Талдықорғанда екі адамды бауыздап кетті
Sputnik Қазақстан
Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр 06.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-06T13:56+0500
2024-01-06T13:56+0500
2024-01-06T13:56+0500
оқиға
талдықорған
қылмыс
https://sputnik.kz/img/1260/22/12602283_0:105:2000:1230_1920x0_80_0_0_f64a2eaa3130792f20b113716512230e.jpg
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Талдықорғанда екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.Марқұмдардың денесі Ақсу көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен табылды.Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, екі адамның да мойны кесілген. Полиция бұл туралы жан-жақты ақпарат берілмейтінін айтты.Бұған дейін Шымкентте екі адамды өлтірген күдікті ұсталғаны хабарланған болатын. Бұған қоса қылмыскер тағы бір ер адамды пышақтаған. Ол тірі, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.Тәртіп сақшылары 28 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті – жұмыссыз.
https://sputnik.kz/20240106/eki-adamdy-oltirip-bireuin-zharalagan-shymkentte-auyr-qylmys-zhasaldy-41400030.html
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/22/12602283_110:0:1890:1335_1920x0_80_0_0_2c330c00f6866341db693df0cbb3526d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талдықорған, қылмыс
Талдықорғанда екі адамды бауыздап кетті
Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Талдықорғанда екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Марқұмдардың денесі Ақсу көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен табылды.
Әлеуметтік желіде тараған ақпарат бойынша, екі адамның да мойны кесілген. Полиция бұл туралы жан-жақты ақпарат берілмейтінін айтты.
"Қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді", - деді полициядағылар.
Бұған дейін Шымкентте екі адамды өлтірген күдікті ұсталғаны хабарланған болатын. Бұған қоса қылмыскер тағы бір ер адамды пышақтаған. Ол тірі, қазір жансақтау бөлімінде жатыр.
Тәртіп сақшылары 28 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті – жұмыссыз.