https://sputnik.kz/20240106/qazaqstan-men-ozbekstan-yntymaqtastyqty-keneytedi-41403771.html
Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастықты кеңейтеді
Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастықты кеңейтеді
Sputnik Қазақстан
Екі ел арасындағы тауар айналымы 4,1 млрд долларға жетті 06.01.2024, Sputnik Қазақстан
2024-01-06T19:48+0500
2024-01-06T19:48+0500
2024-01-06T19:48+0500
экономика
өзбекстан
ынтымақтастық
https://sputnik.kz/img/109/22/1092298_0:102:1971:1211_1920x0_80_0_0_0bb626278dcf2ba2e8f0564da1184675.jpg
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан өзара ынтымақтастықты кеңейту туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Өзбекстанның инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратовпен Ташкентте кездесіп, келіссөздер жүргізді.Кездесуде екі ел арасындағы тауар айналымын 10 млрд долларға дейін арттыру мәселесі талқыланды.Келіссөздер барысында Самарқандта Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының IV форумын өткізуге ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастықты кеңейту туралы хаттамаға қол қойылды.Ташкентке сапары барысында Арман Шакқалиев "Технопарк" ЖШҚ өндірістік алаңдарын аралады. Мұнда ұсынылған өнеркәсіптік кәсіпорындар ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізу үшін жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған.Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысы аясында былтыр мамырда министрлік Ташкентте қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің сауда миссиясын ұйымдастырды. Сауда миссиясының қорытындысы бойынша Өзбекстанға 44,1 млн доллардан астам сомаға құрылыс материалдарын, кондитерлік өнімдерді, IT қызметтерді, сүт өнімдерін жеткізуге экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында "Орталық Азия – ХӨКО" индустриялық аймағы құрылды, бұл Өзбекстан нарығына отандық өнімнің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Орталықты құру және оған инфрақұрылым жүргізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.Былтырғы 11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4,1 млрд долларды құрады.
өзбекстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/109/22/1092298_111:0:1860:1312_1920x0_80_0_0_a92c2f6d9ce18616b24090121ad5c0fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өзбекстан, ынтымақтастық
Қазақстан мен Өзбекстан ынтымақтастықты кеңейтеді
Екі ел арасындағы тауар айналымы 4,1 млрд долларға жетті
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Қазақстан мен Өзбекстан өзара ынтымақтастықты кеңейту туралы хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі.
Қазақстанның сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Өзбекстанның инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратовпен Ташкентте кездесіп, келіссөздер жүргізді.
Кездесуде екі ел арасындағы тауар айналымын 10 млрд долларға дейін арттыру мәселесі талқыланды.
Келіссөздер барысында Самарқандта Қазақстан мен Өзбекстанның өңіраралық ынтымақтастығының IV форумын өткізуге ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысы бойынша өзара ынтымақтастықты кеңейту туралы хаттамаға қол қойылды.
Ташкентке сапары барысында Арман Шакқалиев "Технопарк" ЖШҚ өндірістік алаңдарын аралады. Мұнда ұсынылған өнеркәсіптік кәсіпорындар ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізу үшін жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өнім шығаруға бағытталған.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияның 20-шы отырысы аясында былтыр мамырда министрлік Ташкентте қазақстандық тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің сауда миссиясын ұйымдастырды. Сауда миссиясының қорытындысы бойынша Өзбекстанға 44,1 млн доллардан астам сомаға құрылыс материалдарын, кондитерлік өнімдерді, IT қызметтерді, сүт өнімдерін жеткізуге экспорттық келісімшарттарға қол қойылды.
2023 жылғы желтоқсанда Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында "Орталық Азия – ХӨКО" индустриялық аймағы құрылды, бұл Өзбекстан нарығына отандық өнімнің экспортын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Орталықты құру және оған инфрақұрылым жүргізу бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Былтырғы 11 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 4,1 млрд долларды құрады.