Әлем

Коронавирус жұқтырғандар көбейіп жатыр: ДДСҰ бетперде тағуға шақырды

© Sputnik / Тимур БатыршинАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.01.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 қаңтар – Sputnik. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 ауруының көбеюіне байланысты бетперде киюге шақырды.
ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейесус көптеген елде бірнеше апта ішінде сырқаттар санының артуына байланысты барлығын бетперде киюге және COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырды.
"COVID-19, тұмау және басқа қоздырғыштар тудыратын респираторлық аурулар саны бірнеше апта ішінде көптеген елде өсті және бұл мерекелерден кейін де артуы мүмкін деген болжам бар", - деп жазды Тедрос Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Осыған байланысты ол барлығын COVID-19-ке тест тапсыруға және қажет болған жағдайда медициналық көмекке жүгінуге шақырады.
"Жұқпалы аурудан сақтану үшін маска киіп, қашықтықты сақтаңыз. Өзіңіз вакцина алыңыз және жақындарыңыз COVID-19 пен тұмауға қарсы вакцинацияланғанына көз жеткізіңіз", - деді ДДҰ басшысы.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2023
Азияда коронавирус ауруын жұқтыру көрсеткіші 28 күнде 388%-ға өсті – ДДСҰ
Жаңалықтар
0