Түркістан облысында жыл басынан бері 2 мыңға тарта бала қызылша жұқтырған

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2024
Жазылу
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жұқпалы аурулар бөлімшелері мен ауруханалардағы төсек орын санын көбейтуге тура келген
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Түркістан облысында жыл басынан бері 2285 науқасқа қызылша жұқтырды деген диагноз қойылған. Оның ішінде 1937-сі 14 жасқа дейінгі балалар. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау өңірімізде белсенді жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде еліміз бойынша үшінші орында тұрмыз. Десе де өңірдің кей аудан, қалаларында вакцинациялау көрсеткіші әлі де жұмысты күшейтуді талап етіп отыр", - деді облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға арналған жиында.
Әкімдік Түркістан облысында медициналық ұйымдарда жұқпалы ауруларға арналған 625 төсек орын болғанын, эпидемиологиялық ахуалға байланысты қосымша 407 төсек орын ашылып, жалпы 1 032-ге жеткенін атап өтті.
6 қарашадан (6 айдан – 10 ай 29 күн) және 5 желтоқсаннан (2-4 жас аралығындағы балалар мен медицина қызметкерлері) басталған қосымша жаппай иммундау науқанында жалпы екпе алғандар саны 150 552 адамға жетіп отыр. Қосымша жаппай имммундау жұмыстары жалғасып жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігінің желтоқсан айының басындағы мәліметі бойынша Қазақстанда қызылша жұқтыру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 88,9-дан асты. Өңірлер арасында ең жоғары көрсеткіш оңтүстікте – Шымкент қаласында (100 мың тұрғынға 258,9) және Жамбыл облысында (194,8) тіркелді. Ең төмен көрсеткіш Солтүстік Қазақстан (100 мың халыққа 9,8) және Шығыс Қазақстан (12,8) облыстарында байқалды.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2023
БҰҰ Қазақстанды қызылша ауруы ең көп тараған ел деп атады
Жаңалықтар
0