ҚазМұнайГаз 2030 жылға қарай жылына 6,7 млрд м3 газ өндіруді жоспарлап отыр

© PhotoКомпания NCOC
Компания NCOC - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2024
Жазылу
Жалпы 12 геологиялық барлау жобасы, сондай-ақ қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау жобалары әзірленуде 

АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" 2030 жылға қарай табиғи газ өндіруді жылына 6,7 миллиард текше метрге дейін арттыруды қамтамасыз ететін газ стратегиясын әзірлеуде, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Хабарламада бұл Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған сынды ірі жобалар ескерілмеген жоспар екені баса айтылған.
2023 жылы үш жаңа кен орнын игеру басталды: Оңтүстік Ақсай, Шығыс Өріктау, Рожковское. Алдағы үш-төрт жылда ҚМГ Орталық Өріктау кен орнында жылына шамамен 1 миллиард текше метр газ өндіруді бастауды жоспарлап отыр. 2027 жылы "ҚазМұнайГаз" Батыс Прорва және Қаламқас кен орындарын пайдалануға беруді көздеп отыр. Сол кезде газ өндіру жылына 1,1 миллиард текше метрді құрайды деп күтілуде.
"Халықаралық компаниялармен бірлесіп барлығы 12 геологиялық барлау жобасы, сондай-ақ қолданыстағы кен орындарын қосымша барлау жобалары әзірленуде", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін ҚМГ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Қазақстанда мұнай-химия саласы туралы заңды тез арада әзірлеу және қабылдау қажеттілігі туындағаны туралы мәлімдеді.
ҚМГ басшысы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жоспарына да тоқталды. Бұл қазақстандық шығарындыларды саудалау жүйесін одан әрі дамытуды және оның әлемдік нарықпен интеграциясын, сондай-ақ бірқатар салада қосымша күш салуды талап етеді. Мырзағалиевтің айтуынша, "әлемге мұнай энергетикалық көшуге арналған тұрақтылықтың негізі ретінде қажет, ал "ҚазМұнайГаз" жасыл энергетиканы бір уақытта дамыта отырып, осыны қамтамасыз етпек".
Компания төмен көміртекті жобаларды дамытуға инвестиция салуда және жаңартылатын генерациясы бар электр станцияларын салу бойынша бастамалар әзірленуде, деп мәлімдеді ол.
Жаңалықтар
0